Тәуелсіздік – қасиетті ұғым, ұлы сөз
Өлеңнің сөз маржанын терейінші,
Алқадан сөз бастап бір берейінші.
Қазақтың мың толғаған күйі болып,
Қобыз боп құлақтарға енейінші.
Бабалар армандаған – тәуелсіздік,
Ақындардың жырлағаны – тәуелсіздік.
Еркіндік, елдік берген – тәуелсіздік.
Ұрпақтарға аманат – тәуелсіздік.
Тәуелсіздік елімнің сөнбес шырағы,
Сарқылмайтын қазағымның бұлағы.
Тәуелсіздік – қасиетті ұғым, ұлы сөз,
Көк аспанда қалықтаған қыраны.
Тәуелсіздік – баршамызға жарық күн,
Тәуелсіздік – баршамызға тыныш түн.
Арайлап атқан күн мен батқан түннің,
Мазмұны Әнұранда шырқалып тұр.
Тәуелсіздіктің алғашқы белесінде,
Тіл туралы заң енді өз күшіне.
Еуропаға төрағалық еткеннен соң,
Беделіміз арта түсті күннен-күнге.
Сарыарқаның сайын даласында,
Бой түзеді Астана қаласы да.
Еліміздің, халқымыздың мақтанышы,
Бола бермек құт-береке қаламызда.
Талай-талай жетістікке жеттік біз,
Астанада Саммит, Азиада ойындарын өткізіп,
Қазағымның асқақтап мәртебесі,
Төрткүл дүние танып бізді жырға қосып.
Бейбітшілік аспанында,
Елтаңбамызды жарқыратар,
Көк Туымызды асқақтатар,
Әнұранымызды қалықтатар,
Мәңгі жастар жасасын!