Эсперанто, идо, волапюк тілдеріне сипаттама беріңіз.
Эсперанто – дүниежүзі халықтарының арасына ең көп тараған халықаралық жасанды тіл, халықаралық қарым-қатынастың қосымша құралы. Эсперантоны алғаш 1887 ж. варшавалық дәрігер Л.Заменгоф құрастырған. Оның негізгі сөздік қоры еуропа тілдерінің роман тобындағы тілдерінің көпшілікке кеңінен танымал сөздерінен құрылған. Мысалы, teatro - театр, lampo - шам, лампа және т.б. Олар бір емес, бірнеше тілдерге ортақ халықар. сөздерден алынады. Герман, роман, славян тілдерінің элементі де аз емес. Эсперантода 16 грамматикалық ереже бар. Сөз таптары өзгермейді. Мысалы, Эсперантода сөз табына қатысты 11 вариантсыз қосымша бар: зат есім -о, сын есім -а, есімдік -е, тұйық рай -і жұрнақтары, т.б. (Мыс., feliĉo - феличо – бақыт, feliĉa - фелича – бақытты). Эсперантодағы 28 әріп латын әліпбиімен фонетикалық принцип бойынша жазылған. Сөз екпіні сөздің соңғы буынына түседі. 20 ғ-дың басындағы эсперантошылар қозғалысы жасанды тілді халықаралық деңгейге көтерді. 1905 ж. эсперантошылар одағының ең ірі халықаралық бірлестігі Жалпыға ортақ Эсперанто ассоциациясы (Unіversala Esperanto-Asocіo, UEA) құрылып, жыл сайын халықаралық конгресс өткізіліп тұрды. 1908 ж. Эсперантоны нормалау бағытын анықтайтын орган – Эсперанто академиясы құрылды. 1954 ж. ЮНЕСКО Эсперантоны халықаралық мәдени қарым-қатынасты өрістетуге пайдалануға шешім қабылдады. 1959 ж. Варшавада 63 елдің 3 мыңнан астам делегаты қатысқан дүниежүзілік 44-конгресі болып өтіп, эсперантошылардың бейбітшілік жолындағы бүкіләлемдік қозғалысы құрылды. 1986 ж. әлемнің 56 елінде эсперантошылардың ұлттық бірлестігі болды. Дегенмен, ғалымдар арасында Эсперанто туралы талас пікірлер әлі де көп. 50 тілден Эсперантоға ғылыми, көркем және көпшілікке арналған әдебиет аударылып, шығып тұрады. Бұл тілге Данте мен У. Шекспир, И.В. Гете мен А.С. Пушкин, Л. Н. Толстой мен Сергей Есенин, т.б. ақын-жазушылардың шығармалары тәржімеленген. 1980 – 1990 ж. Эсперантода 140 мерзімді баспасөз жарық көріп, 9 радиостанса хабар берді. Бұл тілді әлемнің әр түкпіріндегі кейбір ғалымдар, сондай-ақ Эсперантоға әуестенуші жеке адамдар ғана оқып үйренеді. Жалпы халықтық қолданыста жоқ тіл болғандықтан, лексикасында, фонетикасында, грамматикалық құрылымында ешқандай өзгеріс болмайды. Әдеб.: Дрезен Эсперанто, Очерки теории эсперанто, М., 1931; Сводост Э.П., Как возникает всеобщий язык, М., 1968; Проблемы интерлингвистики, М., 1976. С. Бизақов
Идо (эспер. ido "әулет, тұқым, тек") — 1907 жылы француз Луи де Бофрон жасаған халықаралық жасанды тіл, эсперанто тілінің өзгертілген бір түрі.1907 жылы Делегацияның халықаралық қосымша тілді қабылдауына байланысты эсперанто тілінің жетілрілген түрі ретінде қабылданған. Бұл жасанды тілдің авторы деп Луи де Бофрон аталады. Ол делегацияда эсперанто тілінің құрастырушысы Заменгофтың көзқарасын баяндайды. Идо тілін құрастыруда автордан басқа француз математигі Луи Кутюра мен дат лингвисті Отто Есперсен ат салысады.
Волапюк ( ағылш. volapuk - әлемдік тіл ) - көмекші тіл ретінде 1879 жылы неміс католигі И. М. Шлейер ұсынған халықаралык жасанды тіл, бірак ол кең тарап колданыс таппаған7