Ана тілі, бірінші тіл, екінші тіл, шет тілі ұғымдарына анықт
Ана тілі — белгілі бір этностың қалыптасып, ұлт деңгейіне дейін үздіксіз дамуына ұйтқы болып келген және сол этностың негізгі тілі саналатын, өзара қауымдаса тіршілік етуіне қажетті тіл.Этникалық тегі географиялық қоныстану аумағы, шаруашылық жүргізу тәсілдері ортақ адамдар қауымы мен мүшелерінің ана тілі арқылы ортақ дүниетанымы, ұғым-түсінігі, мінез-құлқы, наным-сенімі, сезіну қасиеттері – бір сөзбен айтқанда, ұлттық ділі қалыптасады. «Ана тілі» ұғымы не оған жақын түсінік барлық этносқа тән, бірақ этностық көзқарас тұрғысынан бұл ұғым әр түрлі («туған тіл», «ұлт тілі», «ата-баба тілі», «ана тілі», т.б.) атала береді. Қазақ этносының дәстүрі бойынша, шыр етіп дүниеге келген нәрестенің құлағына алғаш шалынған ананың үн-әуезі оның ақ сүті арқылы баланың бойы мен барша болмысына дарып, адамға ғана сыйланатын құдіретті күш – тілге ұласады, сондықтан оның тілі ана құрметіне бағышталып, «ана тілі» аталып кеткен. Ал бірінші тіл дегеніміз - адамның алғашқы үйренген тілі болып табылады. Яғни бірінші тіл- үстем ететін тіл. Ана тілі басқа тіл бола тұра, белгілі бір индивидтің бірінші тілі басқа тіл болуы мүмкін. Ал оның бірінші тілмен аралас, қатар қолданатын тілі оның екінші тілі болып табылады.Шет тілі дегеніміз оның жасанды немесе табиғи жолмен үйренген тілі.