Лексикалық интерференцияға сипаттама беріп, мысал келтіріңіз
Лексикалық интеференция фонетикалық пен грамматикалыққа қарағанда көбірек маңызды. Себебі билингвтің сөйлеуінде әріптер орны ауысып немесе дыбыстар дұрыс дыбысталмаған жағдайда оның сөйлемін, айтайын деген ойын түсінуге болдаы. Ал лексикалық жағынан қателіктер кететін болса, әсіресе бір сөйлемде бірнеше сөзді дұрыс айта алмай, мағынасы басқа сөздерді қолдануы мүмкін. . Тілді үйрену кезінде адамның сөйлеуінде көрінісі табатын интерференция құбылысын аңғару, зерттеу үшін психолингвистика саласы көмекке келеді. Шет ғалымдарының ұсынған статистикасы бойынша шетелдіктердің сөйлеуіндегі қателердің үштен бірі тіларалық интерференцияның әсерінен болса, қалғаны тілдегі болатын ішкі интерференциядан екен.
Интерференцияның әрбір түріне талдау жүргізгенде, әр қайсысының тілді үйреніп жүрген адамның сөйлеуінде көрінісі міндетті түрде болады. Сөздердің мағынасын шатастыру болады, синоним, омоним, антоним, т.б. жерлерден қателіктер кетіп, лексикалық интерференция құбылысы көрініс табады. Л-қ интер-ға мысал келтірейік, шетелдік бір адам дүкенде тұрып: «маған бірнеше қант пен нан беріңізші» дейді, оның ағылшынша ойлауы себебімен «some sugar» деген тіркесті аударып, «бірнеше қант» дегенді дұрыс санап, айтып тұр. Бұл қателік лексикалық интерференцияға жатады, және бұны қарастырып, зерттеумен айналысатын сала – психолингвистика.