Грамматикалық интерференцияға сипаттама беріп, мысал келті
Грамматикалық интерференция – Вайнрайхтың теориясы бойынша, S буквасының жүйелігі бойынша С дыбысының нормасының жойылуы. Яғни дыбыстардың ұқсас болғандығынан, әрі бірнеше тілде бір сөздің осы екі дыбыспен берілуі, С буквасының нормасын бұзады. Жұрнақ, жалғауларын пайдалану түрі. Жалпы, грамматикалық интерфернция қостілді адамның сөйлеуінде жиі байқалады. Билингвтің Ана тілінің грамматикалық құрылымының екінші тілге әсері. Ол септіктерді, жұрнақ, жалғауларды, сөздердің орын тәртібін шатастыруда көрініс табады. Мысалы, «мен дүкенге араладым», «сенің каламың алдым», «кеттім сабаққа кеше мен» сияқты мысалдар грамматикалық интерференцияның айқын көрінісі. Грамматикалық интерференция мәселесі ғылымда әлі толық зерттелген жок. Себебі оның екі жағы бар: ішінара тілдегі интерференция және тілдер арасындағы интерференция. Контрастивті лингвистика ғалымдарының айтуынша, оқушының шет тілді меңгеру кезінде болатын қателердің себебі тіларалық интерференцияда. Тілді үйрену кезінде адамның сөйлеуінде көрінісі табатын интерференция құбылысын аңғару, зерттеу үшін психолингвистика саласы көмекке келеді. Шет ғалымдарының ұсынған статистикасы бойынша шетелдіктердің сөйлеуіндегі қателердің үштен бірі тіларалық интерференцияның әсерінен болса, қалғаны тілдегі болатын ішкі интерференциядан екен.
Интерференцияның әрбір түріне талдау жүргізгенде, әр қайсысының тілді үйреніп жүрген адамның сөйлеуінде көрінісі міндетті түрде болады. Соның ішінде грамматикалық интерференцияның орны бөлек, себебі үйренуші адам лексикалық тұрғыда қате жібермеуге тырысқанның өзінде, грамматика жағынан қате жібермеу өте қиын. Ол, ең алдымен, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі жағынан қиынға соғуы мүмкін, әсіресе, ағылшын және француз тілінде.Француз тілінде кейбір сын есімдер сөйлемнің соңында да, басында да тұра береді. Осындай кейбір тілдердің қағидалары үйренушіге жаңа дүние болғандықтан, грамматикалық интерференция құбылысы байқалады.