Фонетикалық интерференцияға сипаттама беріп, мысал келтіріңі
Фонетикалық жүйелерді салыстыра отырып, мысалы, ағылшын және француз тілдерінің ерекшеліктерін атауға болады. Мысалы, француз тіліндегі дыбыстар ағылшын тілінде жоқ. Ағылшын тілі мен француз тілінде де /г/ фонемасы бар, бірақ маңызды айырмашылықтары бар. /ое/ дыбысы француз тілінде – қалыптасқан фонема, ал ағылшын тілінде ол тек ретрофлексті нұсқа ретінде, /эг/ фонемаларының тізбектелуін жүзеге асыруда көрініс табады. /р/ дыбысы француз тілінде /р/ фонемасының жалғыз және нақты көрінісі болса, ағылшын тілінде тек айтулы аллофондарының бірі болып келеді. Қатынасқа түскен 2 тілде ортақ фонемалары бар болса да, атқаратын қызметтер әр түрлі болуы мүмкін. Яғни, фонетикалық интерференция деп екі тілдің фонетикалық жүйелерінің өзара қызмет атқаруы. Қостілді адамның сөйлеу акцентінде көрініс табады. Фонетикалық интерференцияның 3 түрі бар: 1) фонемалардың дифференцияланбауы(орыс емес адамдардың орыс тілінде сөйлеу кезіндегі орыс дауыссыз дыбыстарының қатты-жұмсақ болмауы; жапон тұлғаларының орыс тілінде сөйлеуіндегі /р/ және /л/ фонемаларын айыра алмауы; 2 ) фонемаларының дифференцияциялануының жоғары дәрежесіне жетуі; 3) фонемалық айырмашылықтардың реинтерпретациясы. Мынадай құбылыстар байқалады: украиндердің орыс тілінде сөйлеуінде сөздердің соңындағы үнді дауыссыз дыбыстарының өшпеуі. Ф.и. – қосалқы тілдердің сөздерінің дыбыстарын дұрыс емес дыбыстау, айту(фишу-вижу, нэмагу-немагу, канечно-канешно, улттык-ұлттық, дамбра-домбыра т.б.)