Интерференцияның түрлерін атаңыз

Интерференцияның фонетикалық, грамматикалық, лексикалық түрлері бар. Тілдердің әртүрлі дыбыстық ерекшеліктеріне орай, олардың фонологиялық жүйесінің заңдылықтарына сәйкес тілдік қатынасқа түскен тілдер арасында фонетикалық интерференция құбылысы жиі кездеседі. Қатынас жасайтын екі тілдің ортақ фонемалары болған күннің өзінде де олардың бөліну заңдылықтары әрқилы болуы мүмкін. Тілдер арасындағы интерференция құбылысын просодия саласында да айқын аңғаруға болады. Грамматикалық интерференция бір тілдік жүйедегі грамматикалық бірліктердің өзгеру, түрлену, байланысу ережелері екінші тілдік жүйеде де дәл осы жолмен сақталып қолданылған жағдайда байқалады. Фонологиялық және грамматикалық ережелермен салыстырғанда лексикалық бірліктердің таралу жеңілдігіне орай тілдер арасында қатынастың аз мөлшері де кірме сөздің енуі үшін жеткілікті. Себебі лексика тілдің өзгеріске ұшырауға бейім қабаты болып табылады. Фонетикалық жүйелерді салыстыра отырып, мысалы, ағылшын және француз тілдерінің ерекшеліктерін атауға болады. Мысалы, француз тіліндегі дыбыстар ағылшын тілінде жоқ. Ағылшын тілі мен француз тілінде де /г/ фонемасы бар, бірақ маңызды айырмашылықтары бар. /ое/ дыбысы француз тілінде – қалыптасқан фонема, ал ағылшын тілінде ол тек ретрофлексті нұсқа ретінде, /эг/ фонемаларының тізбектелуін жүзеге асыруда көрініс табады. /р/ дыбысы француз тілінде /р/ фонемасының жалғыз және нақты көрінісі болса, ағылшын тілінде тек айтулы аллофондарының бірі болып келеді. Қатынасқа түскен 2 тілде ортақ фонемалары бар болса да, атқаратын қызметтер әр түрлі болуы мүмкін. Яғни, фонетикалық интерференция деп екі тілдің фонетикалық жүйелерінің өзара қызмет атқаруы. Қостілді адамның сөйлеу акцентінде көрініс табады. Фонетикалық интерференцияның 3 түрі бар: 1) фонемалардың дифференцияланбауы(орыс емес адамдардың орыс тілінде сөйлеу кезіндегі орыс дауыссыз дыбыстарының қатты-жұмсақ болмауы; жапон тұлғаларының орыс тілінде сөйлеуіндегі /р/ және /л/ фонемаларын айыра алмауы; 2 ) фонемаларының дифференцияциялануының жоғары дәрежесіне жетуі; 3) фонемалық айырмашылықтардың реинтерпретациясы. Мынадай құбылыстар байқалады: украиндердің орыс тілінде сөйлеуінде сөздердің соңындағы үнді дауыссыз дыбыстарының өшпеуі. Ф.и. – қосалқы тілдердің сөздерінің дыбыстарын дұрыс емес дыбыстау, айту(фишу-вижу, нэмагу-немагу, канечно-канешно, улттык-ұлттық, дамбра-домбыра т.б.) Грамматикалық интерференция – Вайнрайхтың теориясы бойынша, S буквасының жүйелігі бойынша С дыбысының нормасының жойылуы. Яғни дыбыстардың ұқсас болғандығынан, әрі бірнеше тілде бір сөздің осы екі дыбыспен берілуі, С буквасының нормасын бұзады. Жұрнақ, жалғауларын пайдалану түрі. Жалпы, грамматикалық интерфернция қостілді адамның сөйлеуінде жиі байқалады. Билингвтің Ана тілінің грамматикалық құрылымының екінші тілге әсері. Ол септіктерді, жұрнақ, жалғауларды, сөздердің орын тәртібін шатастыруда көрініс табады. Мысалы, «мен дүкенге араладым», «сенің каламың алдым», «кеттім сабаққа кеше мен» сияқты мысалдар грамматикалық интерференцияның айқын көрінісі. Грамматикалық интерференция мәселесі ғылымда әлі толық зерттелген жок. Себебі оның екі жағы бар: ішінара тілдегі интерференция және тілдер арасындағы интерференция. Лексикалық интеференция фонетикалық пен грамматикалыққа қарағанда көбірек маңызды. Себебі билингвтің сөйлеуінде әріптер орны ауысып немесе дыбыстар дұрыс дыбысталмаған жағдайда оның сөйлемін, айтайын деген ойын түсінуге болдаы. Ал лексикалық жағынан қателіктер кететін болса, әсіресе бір сөйлемде бірнеше сөзді дұрыс айта алмай, мағынасы басқа сөздерді қолдануы мүмкін. . Тілді үйрену кезінде адамның сөйлеуінде көрінісі табатын интерференция құбылысын аңғару, зерттеу үшін психолингвистика саласы көмекке келеді. Шет ғалымдарының ұсынған статистикасы бойынша шетелдіктердің сөйлеуіндегі қателердің үштен бірі тіларалық интерференцияның әсерінен болса, қалғаны тілдегі болатын ішкі интерференциядан екен.
Интерференцияның әрбір түріне талдау жүргізгенде, әр қайсысының тілді үйреніп жүрген адамның сөйлеуінде көрінісі міндетті түрде болады. Сөздердің мағынасын шатастыру болады, синоним, омоним, антоним, т.б. жерлерден қателіктер кетіп, лексикалық интерференция құбылысы көрініс табады. Л-қ интер-ға мысал келтірейік, шетелдік бір адам дүкенде тұрып: «маған бірнеше қант пен нан беріңізші» дейді, оның ағылшынша ойлауы себебімен «some sugar» деген тіркесті аударып, «бірнеше қант» дегенді дұрыс санап, айтып тұр. Бұл қателік лексикалық интерференцияға жатады, және бұны қарастырып, зерттеумен айналысатын сала – психолингвистика.