Дербес және бұқаралық интерференция.
Интерференция (лат. inter - аралык, өзара,лат. ferio - тиісемін) — костілділік (көптілділік) жағдайында тілдердін бір-біріне әсер етуі- интерференция екі тілді игерген адамның сөзінде шетгтілдік акцент түрінде пайда болады. Ол тұрақты немесе ауыспалы болуы мүмкін. Интерференция тілдін барлық денгейіне де қатысты, дегенмен фонетикада өте айкын байқалады. Интерференция құбылысы іске асу тәсілі жағынан фонологиядағы диахрониялык өзгерістерге жакын. Бұрынырақта орын алған Интерференция тіл жүйесінде субстрат, суперстрат түрінде сақталуы мүмкін. Интерференция дербес және бұқаралық болып бөлінеді. Бұқаралық интерференция әбден орныққаннан кейін әуелі қостілді адамның, кейінірек біртілді адамның тілдік құзіретіне, коммуникативтік құзіретіне ықпал ете алады.Мысалы, Қазақстандағы кез келген жеке тұлғаның тіліндегі интерференциясы ол дербес интерференция болып саналады, ал егер осы елдегі адамдар қоғамының тіліндегі интерференция жайлы айтатын болсақ, онда ол бұқаралық интерференция деп аталады.