Әдеби тіл және жалпыхалықтық тіл, диалект.

Әдеби тіл – стандарт тіл ұғымымен бірдей; әлеуметтік салалардың басым көпшілігіндегі(ғылымда, мәдениетте, дипломатияда, заң ісінде, іскери қарым-қатынаста, білім беруде, күнделікті қарым-қатынаста) коммуникация үшін жарамды тіл. Көркем әдебиет тілінен(бұнда қарапайым, диалект сөздер, жаргон сияқты тіл өмір сүру нысандарының нормаланбаған кез келген элементтері қолданыла алатындығы белгілі) айырмашылығы – әдеби тіл- қатаң нормаланған, көпфункционалды, әлеуметтік тұрғыдан беделді. Мәдениеттің иегері, әрі аса маңызды бөлігі ретінде адамдар әдеби тілді меңгеруге ұмтылады. Жалпы халықтық тіл деген әдеби тілдің бергі жағы деуге болады. Бұны елде тұратын бұқараның сөйлеу тілі деп айтуға бодлаы. Әр елде тілдік жағдай әр түрлі. Біздің елде қостілділік жағдайы болғандықтан, жалпы халықтық тілді орыс немесе қазақ тілі деп кесіп айтуға болмайды. Сонда да, халықтың өзінің айтуы бойынша сөйлеу тілі көбіне орыс тіліне беріледі. Бұған себептер бар, уақытты үнемдеу, яғни адамда психологиялы түрде орыс тілінде сұрақ қою немесе сөйлеу кетеді, себебі, ұлтына қарамастан ол адам қазақ тілін білмеуі мүмкін. Ал орыс тілінің базасы міндетті түрде болады. Ал Ресейде жалпы халықтық тіл орыс тілі, Украинада украин, бірақ суржик тілі ауыл аймақтарына таралған.
Әдеби тіл мен жалпы халықтық тілдің аясында диалект өмір сүреді диалект дегеніміз – аумақтық немесе әлеуметтік жағынан біріктірілген, шоғырланып орналасқан ұжымның тілдік қарым-қатынас жасауының негізгі құралы болып табылатын тіл. Аумақтық диалект – аумақтық жағынан шектелген және әдеби тілмен қатар қолданылатын тіл; ол тек ауызша нысанда ғана болады; қатаң нормалары жоқ; стильдік тармақтары да сараланбаған. Әлеуметтік диалект ләеуметтік немесе кәсіби жағынан топтасқан ұжымның тілдік қарым-қатынас құралы болып табылатын тіл. Фонетикалық, грамматикалық құрылымы жағынан әдеби тілден соншалықты айырмашылықтары жоқ, әлеуметтік тіл негізінен лексика, семантика, фралеология бойынша айырмаланады. Мыс, құмырашылар мен аңшылардың тілін әлеуметтік диалектіге жатқызуға болады.