Тіл-мақсат, үстем тіл, дәнекер тіл, өткінші тіл, басым тіл:
Тіл мақсат – оқытудың мақсаты болып табылатын тіл. Ана тілі мен тіл-мақсаттың арасындағы айырмашылық тіл-мақсатты оқытудың мүлде еткен нәтижесі ретінде зерттеуге әсер етуі мүмкін. Үстем тіл – бастапқы тіл; қостілділік жағдайында меңгерілу және қолданылу деңгейі басқа тілден анағұрлым жоғары тұрған тіл. Үстем тіл ана тіліне, юірінші тілге, екінші тілге сәйкес келуі де, сәйкес келмеуі де мүмкін. Үстем тіл қозғалмалы сипатқа ие; ол қостілді адамның өмірінде ауысып, өзгеріп отырады. Дәнекер тіл – екі немесе одан да көп. Этникалық топтардың қарым-қатынасы үшін пайдаланылатын тіл, бірақ бұл ретте тілдердің ешқайсысы да ана тілі мәртебесінде емес. Макродәнекер(атқаратын қоғамдық қызмет саны жағынан барынша ауқымды) тіл және микродәнекер(бір немесе бірнеше қоғамдық қызмет атқарады және жекелеген әлеуметтік топтарға қызмет етеді) тіл деген түрлерге бөлінеді. Дәнекер тілге феодалды Еуропадағы латын, Латын Америкасындағы отарлау кезеңіндегі испан тілі мысал бола алады. Өткінші тіл – өтпелі тіл, бұл – ана тілінің белгілерін тіл-мақсаттың элементтерін сіңірген тіл жүйесі. Өткінші тілге дербестік, бірізділік, жұпынылық және фоссилдану тән. Өткінші тіл ана тілінің трансференциясы тіл-мақсаттың қағидаларын, коммуникация стратегиясы мен оқыту стратегиясын ұлғайту нәтижесінде қалыптасады. Өткінші тілді ұдайы ұшырасатын қателер көрсете алады.
Басым тіл – әлеуметтік тұрғыдан басым топтың тілі. Нақты бір тілдік мәнмәтінде коммуникативтік қуаттылықты айрықша жоғары тіл.