Интерференция терминіне анықтама беріңіз.
Интерференция – бұл ауытқу тіл тұлғаларының тілдік норманы, жүйені
бұзуы немесе ауытқуы. Бұл ауытқулар қостілді сөйлеуіде пайда
болады. Бір халықтың немесе ұлттың өкілі қостілде сөйлеуінде ана
тілінің әсерінен болған екінші тіл нормасынан ауытқулар болады ал,
билингв сөйлеуінде бұл ауытқулар тілді үйрене бастаған жасына, тілді
меңгеру қабілетіне байланысты пайда болуы әбден мүмкін
Интерференция қатынастағы тілдер
жүйесіндегі фонемалардың, айырым белгілерінің алшақтығы,
артикуляциялық және акустикалық белгілердің сәйкес келмеуінен
туындайды . Тілдік қатынас мәселелері қазіргі таңда ауқымды
қарастырылудың себебі халықаралық байланыстар және қызметінің әр
түрлі саласында шет тілдерінің ролімен байланысты десе де болады.
Шет тілін үйренудің қажеттілігі заман талабы. Алайда шет тілін үйрену
(оқыту) барысындағы қиындықтардан туындаған қателер
интерференцияның орын алуына алып келеді. Лингвистикалық
тұрғыдан интерференция мәселесі тілдік жүйелер арасындағы
айырмашылықтарды айқындаумен байланысты. Тілдегі ерекшеліктер
мен айырмашылықтарды, интерференцияның себебін анықтау
контрастивті зерттеудің міндеті болып табылады. Лингвистика
саласында интерференция термині тілдік қатынастардың түрлі
жақтарын (сөз құрылысындағы өзгерістер, сөйлеудегі құбылыстарды)
сипаттау үшін қолданылады.
Сөйлеу интерференциясы төрт түрлі негізгі белгілерімен
сипатталады: 1. Интерференция – нормадан ауытқу.
2. Билингв сөйлеу іс -әрекетінде байқалады.
3. Қатынастағы тілдердің өзара әрекетінің салдары.
4. Интерференцияның пайда болуы ситуацияға байланысты.
Қазіргі таңда кеңінен зерттелініп отырған жалпы лингвистикалық
мәселелердің біріне қатынастағы тілдер мәселесін жатқызуға болады.
Бұл мәселе У. Вайнрайх, А.Е. Карлинский т.б. ғалымдар еңбектерінде
шешімін табуда. Қатынастағы тілдер мәселелерін шешудің
маңыздылығы қатынастағы тілдерді салғастыра зерттеуге алып келеді.
Отандық және шетел лингвистерінің еңбектерінде тілдің қатынасы
мәселесі үш тұрғыдан қарастырылады: лингвистикалық, әлеуметтік
(социологиялық) және психологиялық. Интерференция құбылысы тек
лингвистикада емес психологияда да зерттелінетіндігі жоғарыда
айтылып өтті. Алайда бұл екі ғылым бұл құбылысты әр түрлі деңгейде
қарастырады. Психология үшін интерференция нәтижесінен гөрі,
басқаратын механизмі мен процессі маңызды ал, лингвистикада
тілдердің өзара қатынасының нәтижесіне көп көңіл бөлінеді.
Синхронды тұрғыдан интерференция тілдің жүйесін өзгертеді деу қате