Диглоссия дегеніміз не, бұл терминді енгізген ғалым кім?
Диглоссия – бір ұлттық тілдің, яки стандарт тілдің әр түрлі ішкі жүйесін меңгеру және меңгерілген жүйені ішкі жағдаятқа, тілді пайдалану аяларына қарай қолдану; бұл осы тілдің қалыптанбаған вариантына қарама-қарсы қойылады; диглоссия теңбе-тең емес қостілділіктің айрықша түрі; бұған тілдің немесе тіл өмір сүруі сүруі нысандарының тілдің қызметі мен қодланылу аялары бойынша бөлінісі тән. Диглоссия ұғымын және аталымын араб, жаңа грек, швейцар, неміс, Гаити аралындағы креол тіл және т.б.тілдердің түрлерін сипаттаған ғалым Ч.Фергюссон енгізді. Одан кейін бұл мәселені Дж.Гамперц, Дж.Фишман, А.В.Исаченко, Б.А.Успенский, Л.П.Крысин талдады. Диглоссия жағдайында тілді таңдау сөйлеушілердің этнотілдің қатыстылығына емес, қарым-қатынас жағдаятына тәуелді болады. Диглоссияның ерекше үлгісін араб елдерінен байқауға бодаы; араб елдерінің әрқайсысында араб тілінің екі нысаны бар: бір нысан көркем әдебиетке, баспа ісіне, радио мен телевизияға және т.б. таралған, екіншісі дипломатия саласында, дін тілінде қолданылады. Қостілділіктен диглоссияның басты айырмашылығы: диглоссия – бір тілдің әр алуан түрлерін меңгеру, ал қостілділік – екі немесе одан да көп тілді білу.