Код алмастырудың түрлерін атаңыз

Код – кез келген таңбалық жүйе; код таалымы тіл жүйесінің абстрактілі табиғатын айрықшалап көрсету үшін жұмсалады. Бернстайннің пікіріне қарағанда код тілді пайдалануға қарым-қатынас жөніндегі екі бағыт үшін жалпы термин. Біріншісі – ықшамдалған код, екіншісі жетілдірілген код. Ықшамдалған код коммуникацияға қатысушылардың жалпы бағдарлы білімінің, мәдени және әлеуметтік тарихының бар екендігін білдіреді, бұл пайдаланылатын тілдің нақтырақ, ал мағынаның тұйық болуына ықпал етеді. Ықшамдалған кодты меңгеру жетілдірілген код қолданылатын мектептегі әлеуметтік-экономикалық төменгі топтан шыққан оқушылардың артта қалуының бір себебі болып табылады. Ықшамдалған код – бір тілде ойжы қатесіз қолдану, мақсатты түрі. Ешбір грамматикалық формаларда қате кетпейді. Мысалы: әкеліп, нестеватсың, қайдабартсың, т.б. сөздер айтылмайды. Жетілдірілген код – күрделі синтаксистік құрылымды код. Бұл терминді ағылшын психологы Бернстайн ұсынған еді. Жетілдірілген кодты қоғамның жоғары сатысындағы адамдар пайдаланады да, ал ықшамдандырылғанды қоғамның төменгі сатысы қолданады. Жетілдірілген код үшін коммуникацияға қатысушылардың жалпы бағдарлы білімінің, әлеуметтік, мәдени, тарихының болуы мәндетті емес, сондықтан тілді пайдаланушылар өз ойларын жеткізуде бай сөздік қорын, күрделі грамматикалық құрылымдарды жұмсайды. Мәдени код – «қоршаған ортаға мәдениет тарапынан тасталатын, әрі қоршаған ортаны бөлшектерге бөлетін, категориялайтын, құрылымдайтын, бағалайтын тор»(В.Красных). Мысалы: әдеуі, бір жағдайға байланысты «орыстар айтады ғой...» деп келтіріп сөйлеу мәдени код аауыстыруға жатады. Кодтардың алмасуы – бір коммуникативтік актісі көлемінде коммуникацияға қатысушылардың бір тілді тіл-жарыспаларымен ауыстыруы. Кодтардың алмасуының 5 түрі ажыратылады: а) басқа тілді пайдаланушыға қарата сөйлеген кезде немесе адресат ауысқан кезде; ә) коммуникативті акті барысында өзгерістер болған жағдайда; б) әлеуметтік рөл немесе сөйлеушінің рөлі ауысқан кезде; в) бөгде адамның сөзінен дәйексөздер келтірілген жағдайда; г) кездейсоқ, яки әдейі басқа белгілі тілге «жылжу» жағдайында. Кодтардың алмасуы кезінде бір тілде сөйленген сөздің арасында басқа тілдің элементтерін пайдалану – тілдердің алмасуы байқалады.