Билингвизмді алғаш топтастырған кім? Л.В. Щерба қостілділікт

Тілдік қатынас теориясындағы негізгі ұғымдардың бірі – билингвизм ұғымы болып саналады. «Билингвизм» терминімен қатар тіл білімінде «қостілділік» сөзі де кездеседі, көбіне бұл екі ұғым синоним ретінде қолданылғанымен, кей зерттеушілер екеуін екі түрлі ұғым ретінде анықтайды. Кей ғалымдар билингвизм немесе қостілділікті қандай да бір үдеріс ретінде түсінеді. Мысалы, Е.М. Верещагин қостілділікті адамға екі түрлі тілдік жүйеге тән сөйлеу түрін қайта шығару, тудыруға мүмкіндік беретін психикалық механизм ретінде анықтаса, В.Ю. Розенцвейг қостілділікті екі тілде меңгеру ретінде, қарым-қатынас жағдаятына байланысты бір тілден екіншісіне ұдайы ауысу ретінде анықтайды. Ал У. Вайнрайх болса билингвизм құбылысын екі тілді кезек-кезек қолдану практикасы ретінде, ал оны жүзеге асыратындарды билингв ретінде анықтайды. Зерттеушілердің назары бұрын билингвизмнің таза лингвистикалық аспектілеріне аударылса, соңғы жылдары билингвизмнің психолингвистикалық және әлеуметтік лингвистикалық аспектілеріне қызығушылық айқын артып отыр. Билингвизм құбылысын ғылымның әрқандай салалары әр қырынан алып қарастырады. Билингвизмнің мәтінмен байланысы тікелей лингвистикада қарастырылса, қоғамдағы қостілді адамның немесе топтың мінез-құлқы не болмаса орнымен байланысты мәселелерге байланысты әлеуметтануда қарастырылады, сондай-ақ психологияда билингвизм сөйлеуді тудыру механизмдеріне орай қарастырылады. Ал мәтіннің әлеуметтік мінез-құлықпен байланысы тұрғысынан қарастырылатын билингвизм әлеуметтік лингвистиканың пәні болып саналса, сөйлеу механизмі мен мәтін арасындағы байланыс тұрғысынан зерттелетін билингвизм психолингвистиканың зерттеу пәні болып саналады. Қостілділік деген сөздің аты айтып тұрғандай, жеке бір тұлғаның екі тілді меңгеруі. Алайда екі тілден көп тілді білуді көптілділікке немесе мультилингвизмге жатқызамыз. Мультилингвизмнің ерекшелігі ол ұлттық (белгілі бір әлеуметтік қауымдастықта бірнеше тілдерді қолдану) және дербес (жеке тұлғаның белгілі бір коммуникативтік жағдаятқа орай бірнеше тілдерді қолдануы) болатындығы. Қостілділіктің ерекшеліктеріне қарай тіл білімінде әртүрлі топтастыруларды кездестіруге болады. Қостілділіктің табиғи және жасанды түрлері ажыратылады, табиғи қостілділік сәйкес тілдік ортада табиғи жолмен пайда болса, жасанды қостілділік оқу жағдайында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып игеріледі. Топтастыру негізінде жатқан түрлі белгілерге байланысты қостілділік бірнеше типтерге бөлінеді. Әрекеттер санына қарай билингвизмнің мынадай типтері ажыратылады: рецептивті, репродуктивті, продуктивті қостілділік. Жас ерекшеліктерге байланысты ерте және кеш деген типтерге бөлу де кездеседі. Екі тіл механизмдерінің ара қатынасына орай Л.В. Щерба таза және аралас қостілділікті бөліп көрсетеді.
40. Билингвизм типтері. Билингвизм- жеке адамның немесе қоғамның екі немесе бірнеше тілді меңгеруі. Билингвизмнің бірнеше түрлері бар. Дербес билингвизм нақты быр этностың жекелеген мүшелерінің екі тілді білуі және пайдалануы, басқаша айтқанда дербес билингвизм жеке адамның қабілетіне байланысты. Ал бұқаралық билингвизм - этностың көпшілігінің екі тілді білуі және пайдалануы. Аймақтық билингвизм- елдің белгілі бір аймаға, ауданы тұрғындарының екі тілді білуі және қолдануы. Ұлттық билингвизм- елдің нақты бір этносының екі тілді білуі. Табиғи билингвизм- екі тілді пайдаланушылардың бір- біріне тікелей ықпалы нәтижесінде екі тілді меңгеруі және қолдануы.Жасанды билингвизм - Екінші тілді оқып-үйрену үшін мақсатты түрде, арнайы жасалған алғышарттардың нәтижесінде адамдардың екі тілді білуі және пайдаалануы. Сонымен қатар таза билингвизм немесе координативті билингвизм аталады, бұл екі тілдің әрқайсысы билингв адамда өз бетінше дербес жуйе түрінде қалыптасады дегенді білдіреді.Субординативті билингвизм- екінші тілді меңгерудің бастапқы кезеңі, бірегей жағдайда екінші тілдің тілдік бірліктері, семантикалық негізден тыс, бірінші тілдің бірліктерімен тұспа-тұс келеді. Қосымша билингвизм- қостілді адам бірінші тіл бойынша тілдік құзіретіне нұқсан келтірместен екінші тілді қолданады. Алмастырушы билингвизм- қостілді адам 2-ші тілді пайдалана келе 1-ші тіл бойынша тілдік құзіреттілігін жоғалтады.