Билингвизм және екінші тілді меңгеру теориясының арақатынасы
Билингвизм ерекшеліктеріне қарай тіл білімінде әр түрлі топстастыруларды кездестіруге болады. Билингвизмнің табиғи және жасанды түрлері ажыратылады. Табиғи билингвизм сәйкес тілдік ортада табиғи жолменпайда болса, жасанды қостілділік оқу жағдайында әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып игеріледі. Топтастыру негізінде жатқан түрлі белгілерге байланысты билингвизм бірнеше түрге боөлінеді: рецептивті, репродуктивті, продуктивті қостілділік. Жас ерекшелігіне байланысты ерте және кеш деген типтерге бөлу де кездеседі. Екі тіл механизмінің арақатынасына орай Л.В. Щерба таза және аралас қостілділікті бөліп көрсетті.Мысалы, кез келген орыс тылді отбасында тәрбиеленген сәбидің орыс тілді табиғи жолмен үйренген болып табылады, себебі оның күнделікті қоршаған ортадан естіп, білуі арқылы үйренеді. Ал егер ол кейін ағылшын тілін үйренетін болса, ол арнай курқа бару арқылы, ережелерін жаттап, белгілі бір әдіс тәсілдерді қолдану арқылы меңгереді. Ол- жасанды меңгеру болып табылады.