Билингвизм және психолингвистика: байланысы қандай?

Билингвизм (лат. Bi екіден, lingua тіл) қостілділік, полилингвизм ұғымдарымен бірдейҚостілділік - ұлтаралық қарым-қатынастарда қолданылатын күшті құрал: әртүрлі ұлт өкілдерінің ортақ істе, бір аумақта бірге тұруының көпқырлы өзара байланысын жүзеге асырады. Қостілділік - көпэтннкалы тұрғындардың қарым-қатынасындағы өндірістік әрі тұрмыстық қажеттіліктен туындайды. Ол әртүрлі ұлт адамдарының өзара қарым-қатынасының күшеюі барысында ерекше мәнге ие болып, қазіргі этнотілдік процестердің қүрамдас бөлігі ретінде, яғни этникалық процестердің дамуының маңызды шарты әрі факторы және этностардың өзара тарихи қарым-қатынастарының нәтижесінде қалыптасады. Екінші тілді білу біріншіден, еңбек ету аясында өте қажет, өйткені бүгінгі таңда өндірістік байланыстар ұлттық шеңберден шығып, республикада көпұлтты еңбек ұжымдары басым. Тілдердің дамуы мен қызметінде қостілділік үлкен рөл атқарады.
Қазақстанда қазақ не орыс тілінің араласуынсыз, өзге тілдерден құралған қостілділіктің оншақты түрі бар. Олар: тәжік-өзбек, дүнген-ұйғыр, ұйғыр- өзбек, түрік-әзербайжан, татар-ноғайжәне т.б. Қостілділіктің бұл түрлері туралы мәлімет аз болса да, тілдердің аймақтық қатынасының айғағы.Психолингви́стика — психология мен лингвистика арасындағы қатынас. Тіл, ойлау, түйсік арқылы тығыз байланысты. Бұл термин 1953 жылы пайда болған.Психолингвистика термині алғаш 1946 жылы Николай Пронко пайдаланған. Шартты түрде тілдік қатынастар құбылыстарын түсіндірудің үш бағытын көрсетуге болады: 2) психолингвистикалық тұрғыда – индивидуалдық қостілділік ретінде; Қазіргі таңда тілдік қатынастар көпқырлы құбылыс ретінде жаңа қырынан психолингвистика, әлеуметтік лингвистика, когнитивистика, мәдениеттану, саясаттану деректерін тарту негізінде қарастырылып жүр. Сондықтан тілдік қатынас бағытының аталған ғылымдармен байланысы өте тығыз.