Билингвизм және әлеуметтік лингвистика: байланысы қандай?
Билингвизм (лат. Bi екіден, lingua тіл) қостілділік, полилингвизм ұғымдарымен бірдей. Қостілділік - ұлтаралық қарым-қатынастарда қолданылатын күшті құрал: әртүрлі ұлт өкілдерінің ортақ істе, бір аумақта бірге тұруының көпқырлы өзара байланысын жүзеге асырады. Қостілділік - көпэтннкалы тұрғындардың қарым-қатынасындағы өндірістік әрі тұрмыстық қажеттіліктен туындайды. Ол әртүрлі ұлт адамдарының өзара қарым-қатынасының күшеюі барысында ерекше мәнге ие болып, қазіргі этнотілдік процестердің қүрамдас бөлігі ретінде, яғни этникалық процестердің дамуының маңызды шарты әрі факторы және этностардың өзара тарихи қарым-қатынастарының нәтижесінде қалыптасады. Екінші тілді білу біріншіден, еңбек ету аясында өте қажет, өйткені бүгінгі таңда өндірістік байланыстар ұлттық шеңберден шығып, республикада көпұлтты еңбек ұжымдары басым. Тілдердің дамуы мен қызметінде қостілділік үлкен рөл атқарады.
Қазақстанда қазақ не орыс тілінің араласуынсыз, өзге тілдерден құралған қостілділіктің оншақты түрі бар. Олар: тәжік-өзбек, дүнген-ұйғыр, ұйғыр- өзбек, түрік-әзербайжан, татар-ноғайжәне т.б. Қостілділіктің бұл түрлері туралы мәлімет аз болса да, тілдердің аймақтық қатынасының айғағы
Әлеуметтік лингвистика орыс. социолингвистика ( лат. soci(etos)коғам , фр. lingua - язык) тіл білімі, әлеуметтану, әлеуметтік психология, этнография ғылымдарының түйіскен аралығында туып дамыған тіл білімі саласы. Онын негізгі объектісі — тілдің функционалды жағын зерттеу. Қарастыратын басты мәселелері: тілдің қоғамдык табиғаты, әлеуметтік кызметі, тіл болмысының қатынастық түрлері (әдеби тіл, ауыз екі сөйлеу тілі, жергілікті диалектілер, койне, пиджиндер), тілдің әлеуметтік сипаттағы түрлері (жаргон, арго, кәсіби тіл), билингвизм, диглоссия, пиджинделу, креолдену, мультилингвизм процестері. Әлеуметтік лингвистика үшін аса қажетті мәселелердің қатарында тілдің (тілдердің) өмір сұру формасынан туатын тілдік жағдайлар, тіл мен мәдениеттің байланысы, тіл саясаты тағы басқа жатады. Тілдің әлеуметтік табиғатына алғаш көніл аударған 19 ғасырда П. Лафарг, А. Мейе, А. Соммерфельт, 20 ғасырда Прага структурализмі, Женева мектебінің өкілдері тағы басқа анкета арқылы байқау, интервью алу, статистикалык әдіс тағы басқа қолданған.
КСРО-да әлеуметтік зерттеулердің негізгі 20 ғасыр 20—30 жылдарында салынған (Л. П. Якубинский, В. В. Виноградов, Б. А. Ларин, В. М. Жирмунский, Е. Д. Поливанов тағы басқа). 60—70 жылдары тіл саясаты мен онын практикалық мәселелерін қазіргі қоғам талабына сай шешудің өзектілігіне, қоғамдық құбылыс ретінде тіл табиғатың теренірек зерттеу мақсатына байланысты тілдің әлеуметтік мәселелеріне қызығушылық артты.Шартты түрде тілдік қатынастар құбылыстарын түсіндірудің үш бағытын көрсетуге болады: 1) әлеуметтік тіл білімі тұрғысынан – әр түрлі тілді социумдардың өзара ықпалы ретінде, яғни белгілі бір тілдік жағдаят ретінде;
Қазіргі таңда тілдік қатынастар көпқырлы құбылыс ретінде жаңа қырынан психолингвистика, әлеуметтік лингвистика, когнитивистика, мәдениеттану, саясаттану деректерін тарту негізінде қарастырылып жүр. Сондықтан тілдік қатынас бағытының аталған ғылымдармен байланысы өте тығыз.