Билингвизм, монолингвизм, амбилингвизм, семилингвизм, полил
Билингвизм (лат. Bi... екі(ден) + lingua тіл) ағыл. Bilingualism- қостілділік, Полилингвизм ұғымдарымен бірдей. Е.М. Верещагин қостілділікті адамға екі түрлі тілдік жүйеге тән сөйлеу түрін қайта шығару, тудыруға мүмкіндік беретін психикалық механизм ретінде анықтаса, В.Ю. Розенцвейг қостілділікті екі тілді меңгеру ретінде, қарым-қатынас жағдаятына байланысты бір тілден екінші тілге ұдайы ауысу ретінде анықтайды.Ал У. Вайнрайх болса билингвизм құбылысын екі тілді кезек-кезек қолдану практикасы ретінде, ал оны жүзеге асыратындарды билингв ретінде анықтайды. Монолингвизм(грек. Monos бір, тұтас+лат. + lingua тіл ) ағыл. Monolingualism- біртілділік ұғымымен бірдей. Яғни бір тілді меңгерген адам. Амбилингвизм- қостілділіктің бір түрі. Қостілді адамның екі тілді тең дәрежеде біліуі.Семилингвизм- екі тілді жартылай меңгеру. Ана тілді де, екінші тілді толыққанды Тілдік құзіреттің, Коммуникативтік құзіреттің жоқ болуы. Полилингвизм- қостілділікпен бірдей. Мультилингвизм- Көптілділік. Көп тілді меңгеру.