Лингвафранка, суржик, трасянка тілдеріне сипаттама беріңіз.

Лингвафранка – әр түрлі тілдерді пайдаланушылардың арасындағы Коммуникацияда қызмет ететін тіл; өзіндік сипатқа ие, аралас дәнекер тіл, ол қарым-қатынастың нақты әлеуметтік-экономикалық ортасында әр тілді тұрғындарға қызмет көрсетеді. Л. – Жасанды тіл, ол орта ғасырларда француз, провансаль, итальян, жаңа грек және араб тілдері лексикасының араласуы нәтижесінде Жерорта теңізі жағалауында пайда болып, араб және түрік көпестерінің еуропалықтармен сауда қарым-қатынастары үшін қосалқы құрал ретінде жұмсалды. Лингвафранканы қарқынды пайдалану койненің туындауына әкеліп соқтыруы мүмкін; лингввафранканы нақты бір жалпыұлттық немесе халықаралық тілмен теңдестіру ақиқатқа сәйкес келмейді. Трасянка – белорус тілінің негізіндегі аралас тіл, орыс лексикасы мен белорустік фонетика мен грамматикасы басым тіл. Қала және ауыл тұрғындары арасында қарым-қатынас құралы ретінде пайда болған тіл. Лексикасы мен грамматикасы бай және күрделі тіл. Суржик секілді, трасянкада кеңес үкіметі кезінен басталған орыс және орысталған лексиканы пайдаланады. Фонетикасы көбәне белорустікіне ұқсас болса, грамматикасы аралас болып көрінеді. Ресей және Украина халқына көбінесе суржик тілі таныс. Суржик – орыс тілмен қосылған украин тілінің элементтері бар аралас тіл. Суржик ауыл аймақтарында орыс тілі келуімен украин тілінің араласуының нәтижесінде пайда болды. Грамматикасы мен сөйленісі украиндық болып қалады да, ал фонетикасы орыс тілінен енгені байқалады. Суржикті қолданудың 3 нұсқасы бар: 1) мақсатсыз қодану(ешбір тілге мән бермей жергілікті тілде сөйлеу); 2) мақсатты қолдану. Екі тілді де меңгерген және автоматты түрде сөйлей алатын адамдардың жағдайындағы көрініс; 3) базалы тілге байқаусызда, мақсатсыз базалы емес тілдің элементтерінің кірігуі немесе базалының базалы емеске кірігуі. Бір тілді жетік меңгерген, ал екіншісін(орыс немесе украин тілдерін) үйреніп жүрген адамдардың жағдайында кездеседі. Суржикке мысал:
В сємьє общаємся на українском язикє, даже на суржику, можно сказать…
На руском і на украінском. Як придеться. Уже смєшаний, уже смєшаний… В общєм — смєсь получилась і всьо. Немає такого чистого, шоб рускій ілі украінскій. Одне слово руське, друге — украінське… (Харьков, 2003).
Шо ти щас робиш?
Як діла?
Скіки тобі лєт?
Підожди.
Шось я не пойму! Ти будешь платить ілі як?