Пиджин-инглиш, сабир, бичламар, ток-писин деген қандай тілде

Пиджин-инглиш-шығыс порттарында(жапония, калифорния, оңтүстіктегі теңіздер, гонконг) қолданылатын, пиджин тілдердің, аралас тілдердің бірі. Пиджин-инглиш сөздік қоры жағынан ағылшын тілі, грамматикасы жағынан қытай тілі болып табылады. Сабир – лингва франкадан бастау алатын және крест жорығы дәуірінде пайда болған қосалқы тіл. Сабирдің сөздік қорында испан, грек, түрік, араб тілдерінен енген сөздер өте көп, бұл жайт сабирдің қолданылу аясының кеңеюіне ықпал жасады. Бичламар – ағылшын тілі негізіндегі пиджин. Океанияда таралған. 20ғ-да жойылды. Ток-писин – папуа Жаңа Гвинеяда тараған креол тілі. Папуа Жаңа Гвинеяның ресми тілдерінің бірі. Бастауыш мектептердегі негізгі тіл ток-писин болып келеді. БАҚ-та ресми тіл ретінде қолданылады, алайда ағылшын тілі сияқты қолданысы кең емес. Басқа тілдердегідей ток-писиннің де таралу аймағына қарай диалектілері бар, жоғары таулы аймақтары папуаның солтүстік жағалауында бұл тілде әр түрлі сөйлейді. Басқа да креол, пиджин тілдері секілді ток-писиннің де суперстрат тілдерге қарағанда жеңіл фонологиялық жүйесі бар. Оның фонолоиялық жүйесінде 16 дауыссыз бен 5 дауысты дыбыстар бар. Алайда фонемды құрылым сөйлеушінің қаншалықты білімді екенінен және субстрат тілдің локальдылығына қарай әр түрлі болуы мүмкін, субстратты тілде фонемалардың саны көбірек болғандықтан сөйлеуші 10 дауысты дыбысқа дейін жеткізіп пайдалануы мүмкін.