Сауда тілі дегеніміз не және сауда тіліне қандай тілдер жата

Сауда тілі сонау ата-бабаларымыздың дәуіріндегі ең көп қолданған, ең көне тілдердің бірі. Сауда тілі – саудагерлер қолданатын жалпы тілдер. Мемлекеттер арасында сауда-саттық дамыған сайын сауда тілі деген ұғым пайда болды. Саудагерлер көршілермен келісім шарттармен ғана шектелген жоқ: Азия, Жерорта теңізі және Еуропа араларында немесе ьағы басқа аймақтарда түрлі сауда жолы пайда бола бастады. Мысалы Ұлы Жібек жолы. Тілді білу ғасыр өткен сайын өте өзекті және маңызды болып табылды. Шығыс елдерінде сауда тілі ретінде арамей болды. Ал латын және грек тілін білгендер өте қадірлі және таптырмас адамдар бооды. Себебі олар басқа саудамен айналысатын мемлекеттерге оғай шығып, саудаласа білген. Бүгінгі күні ондай тілдермен шектелмеген дегенмен, халықаралық тілдер деген ұғым қалыптаса бастады.