Креол тілдер және креолдену құбылсы

Креол тілдер – қызметін ұлғайта отырып және құрылымына түзетулер енгізу арқылы пиджиннің белгілі бір тілдік қауымдастық үшін ана тіліне айналуы, мыс, китуба-киконго. Вайнрайхтың пікірнше, хиндустани тілінің бір тармағы парсы тілінің ықпалына түсіп, урду тіліне, екіншісі санскриттің әсерінен хинди тіліне айналған. Креол тілдер негізінен Үнді мұхиты аралдарында Африка мен Америкада таралған. Креол тілдер аралас жаргон сияқтыболғандықтан, жазбасы жоқ тілдердің немесе жаңа жазба тілдердің қатарына енеді. Креол т-р 19ғ.соңына қарай зерттеле бастады. Креол т-ді қосалқы тіл немесе ресми тілдер ретінде қолдану тән; креол тілдердің бұндай әлеуметтік-мәдени стратификациясының 4кезеңі ажыратылады:а)креол т-і мәдение және ұлттық сәйкестіліктің нышаны ретінде қабылдау; б)креол т-ді әдеби тіл ретінде мойындау; в)к.т-дің басқару және білім салаларында қолданылуы. Талас тудыратын мәселелер: креол тілдер қашан дербес тіл болады; к.т-ді анықтаудың межелері қандай; к.т-дің қызмет көлемі қаншалықты және т.б.географиялық жағынан алшақ және әр түрлі негіздерден жасалған креол тілдердің құрылымдық ұқсастығына қатысты мәселе айрықша назар аудартады. Креолдану – пижиндердің қызметі мен құрылымының үйлесуі арқылы жүзеге асатын, пиджиндердің креол тілдерге ауысу үдерісі. Креолдануды басқаша нативтену деп те атайды. Яғни креолдену – кеңейтілген пиджиннің нативизациялану үдерісі. Папуа Жаңа Гвинеядағы англо-креолдық ток-писин, Суринамедегі сранан-тонго, Сейшель аралдарындағы франкокреолдық креол-сесельва, Гаитидегі ансьен т.б. креол тілдерге мысал бола алады. Креол тілдер мен негіз тіл – екеуі екі бөлек әртүрлі жүйе.