Үй безендіретін жапырақты қолдан жасайық
Алдыңғы материалда тоңазытқышқа жапсыруға не компьютер үстелін сәндеуге арналған жұлдызшаны қалай жасауды көрсеткен едік. Сол секілді кез келген үйден табылатын қағаз, желім тәрізді нәрселерден жапырақ та жасауға болады.
Қажетті құрал-жабдықтар:
- түрлі-түсті қағаз;
- қайшы;
- қарындаш;
- желім;
- скотч;
Бірдей түсті үш қағаз алып, бәрін бірге ортасынан бүктейміз.
Қағазға қарындашпен жүрек пішінінің бір жақ бөлігін бейнелейміз.
Сызық бойынша бүктелген қағаздарды қиып алғанда, үш жүрек пішіні шығады.
Жүрек пішінді қағаздардың суретте көрсетілгендей жиегіне ғана жіңішкелеп желім жағамыз.
Бір жиегі желімделген қағазды қиыстырып, жапсырамыз.
Қағаздың қалған қиындысын зая қылмай, жапырақ сабағын да осы қағаздан қиып аламыз.
Оның бір талы жеткілікті.
Суреттер көрсетілгендей пішіндерді ішкі жағынан скотчпен бір-біріне жапсырамыз.
Скотчтің кішкене бөлігін қиып алып, қайшының көмегімен түйістіріп, дөңгелек пішінге келтіреміз.
Бұл қалаған жерге оңай жапсыру үшін қажет.
Үй безендіруге жапырақ дайын.
Ал сізге ұнады ма?