Чемпиондар лигасында қай клубтар бір-бірімен қарсылас атануы
2015/2016 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шыққан барлық клубтар анықталды. УЕФА шешімімен ресейлік және украиналық клубтар бір-біріне қарсылас атанбайды.
Чемпиондар лигасының ережесіне сәйкес топта бірінші орын алған клубтар бірінші себетке («еленген») түссе, екінші орын алғандар екінші себеттен орын алады. Ресейлік «Зенит» өз тобында бірінші орын алса, украиналық «Динамо» екінші себетке жайғасқан. Десе де саясат «салқыны» спортты да айналып өтіп жатқан жоқ. Нәтижесінде «Зенит» пен «Динамо» 1/8 финалда бір-бірімен кездеспейді.
Сонымен ережеге сәйкес, бір себеттегі клубтар бір-біріне қарсылас атана алмайды.
Бірінші себет: «Реал», «Вольфсбург», «Атлетико», «Манчестер Сити», «Барселона», «Бавария», «Челси» және «Зенит»
Екінші себет: «ПСЖ», «ПСВ», «Бенфика», «Ювентус», «Рома», «Арсенал», «Динамо» және «Гент».
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының жеребесі 14 желтоқсан күні Швейцарияның Ньон қаласында өтеді.