Аккредиттеу жалпы принциптері

Аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзыреттілігін ресми танитын рәсім;Аккредиттеу ерекшелігі:
-тұтынушылардың сынақ, өлшеу және қазақстандық аккредиттеу жүйесіне сәйкес сертификаттардың нәтижелеріне сенімдері;
- саудада техникалық тосқауылдарды болдырмау;
- халықаралық келісімдер жүйесінің көмегімен аккредиттелген зертханалар шет елдерде олардың мәліметтерінің қолайлығын жеңілдететін, халыаралық тану нысандарына ие болады.
ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
-жетекші бағалаушылардың ұлттық аккредиттеу органдарының, зертханалардың және сәйкестікті растау жөніндегі органдарының бірлескен халықаралық бағалауларына қатысу;
- халықаралық деңгейде зертханааралық салыстыру сынақтарын және салыстыруларын ұйымдастыру және жүргізу;
- қазақстандық сертификаттарды шетелде тану;
- қазақстандық экспорттардың еуропалық нарықта жылжуы үшін «жасыл коридор» құруды қамтамасыз ету
-МС ИСО/ХЭК 17025 талаптарына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханаларының жүйесін дамыту;
- МС ИСО/ХЭК 17025 талаптарына сәйкес калибрлеу зертханаларының жүйесін құру;
- МС ИСО/ХЭК 62, 65, 66 талаптарына сәйкес сәйкестікті растау органдарының жүйесін дамыту;
- ұлттық аккредиттеу жөніндегі органның жетекші сарапшы-аудиторларын оқыту;
Аккредиттеу жүйесiне:
1)Қазақстан Республикасының Үкiметi;
2) уәкiлеттi орган ;
3) аккредиттеу жөнiндегi орган ;
4) аккредиттеу субъектiлерi;
5) аккредиттеу, сәйкестiктi растау жөнiндегi, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар, техникалық сарапшылар кiредi.
Аккредиттеудiң негiзгi мақсаттары:
1) өнiмнiң, процестердiң, көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгi мен сапасы мәселелерiнде тұтынушылардың мүдделерiн қорғау;
2) отандық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
3) сәйкестiктi бағалаудың сапасымен дәйектiлiгiн арттыру ;
4) саудадағы техникалық кедергiлердi жою;
5)отандық өнiмнiң сыртқы нарыққа шығуына және Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектiлерiнiң жұмыс нәтижелерiн халықаралық ұйымдардың және шет елдердiң тануына жағдайлар туғызу болып табылады.
Аккредиттеу принциптерi:
1) ерiктiлiк;
2) аккредиттеу рәсiмдерi, критерийлерi туралы ақпаратқа қолжетiмдiлiк;
3)сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу жөнiндегi қызметтiң ашықтығы;
4) кемсiтушiлiкке жол бермеу;
5) құзыреттiлiк;
6) аккредиттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы;
7) тәуелсiздiк;
8)аккредиттеу жөнiндегi қызметтi сәйкестiктi бағалау жөнiндегi қызметпен қоса атқаруға жол бермеу;
9)аккредиттеудi жүзеге асыру кезiнде халықаралық (өңiрлiк) ұйымдардың стандарттарын пайдалану басымдығы болып табылады.