Аккредиттеу туралы. Аккредиттеудің субъектілері
Аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін ресми танитын рәсім;
Аккредиттеуаккредиттеу жөніндегі орган заңды тұлғаның белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзіретті және құқылы екенін ресми танитын рәсім.
Аккредиттеудің субъектілері:
• сәйкестікті растау жөніндегі органдар;
• сынақ, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары (орталықтары);
• өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
• Сапа менеджмент жүйесінің сертификаттау органы және менеджменттің басқа да жүйелері;
• Қызметкерлерді сертификаттау органы жатады.
Аккредиттеу субъектілері:
1) аккредиттеу белгісін пайдалануға;
2) аккредиттеу жөніндегі органға аккредиттеу саласын кеңейту немесе қысқарту туралы, аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу, қайтару және аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтату туралы өтінішпен жүгінуге;
3) аккредиттеу жөніндегі органға оның қызметкерлерінің іс-қимылына шағымдануға;
4) аккредиттеу мәселелері бойынша даулар туындаған кезде сотқа жүгінуге құқылы.
Аккредиттеу субъектілері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын және оларға өздерінің сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға;
2) аккредиттеу саласы шегінде жұмыстарды жүзеге асыруға;
3) аккредиттеу саласы шегінде аккредиттеу аттестатына сілтеме жасауға;
4) бекітілген аккредиттеу саласындағы қызметінің тоқтатылғаны немесе алдағы уақытта таратылатыны туралы аккредиттеу жөніндегі органға хабарлауға;
5) анықталған аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді аккредиттеу жөніндегі органның шешімімен белгіленген мерзім ішінде жоюға;
6) инспекциялық тексеруді жүзеге асыратын адамдардың үй-жайға, жабдыққа, ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге және оларға өзге де қажетті көмек көрсетуге;
7) өлшем құралдарының салыстырмалы сынақтарына және оларды салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруға қатысуға;
8) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған жағдайда аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылғаны туралы шешімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатын қайтаруға;
9) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған, ол жойылған, тоқтатыла тұрған не одан айырылған жағдайда аккредиттеуге сілтеме жасауды тоқтатуға;
10) аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған жағдайда, уақытша жарамсыз деп танылған аккредиттеу аттестатына немесе аккредиттеу саласына сілтеме жасауды тоқтатуға міндетті.