Аккредиттеу. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары

Аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін ресми танитын рәсім;
Аккредиттеуаккредиттеу жөніндегі орган заңды тұлғаның белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзіретті және құқылы екенін ресми танитын рәсім.
Аккредиттеудің негізгі мақсаттары:
1) өнімнің, процестердің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
2) отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
3) сәйкестікті бағалаудың сапасы мен дәйектілігін арттыру;
4) саудадағы техникалық кедергілерді жою;
5) отандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуына және Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің жұмыс нәтижелерін халықаралық ұйымдардың және шет елдердің тануына жағдайлар туғызу болып табылады.
Аккредиттеудің негізгі мақсаттары
• Аккредиттеудің халықаралық жүйесіне көшу;
• Аккредиттеу саласында заңнамалық және нормативтік базаны қалыптастыруға қатысу;
• Халықаралық стандарттарға сәйкес зертханалар және сәйкестікті растау органдарының жүйесін дамыту;
• ILAC, IAF aккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарына және ЕА өңірлік ұйымының толық мүшелігіне ену,