Қызметті сертификаттау сызбалары

1-схема -қызметтерді орындаушының шеберлігін бағалау,жұмыс жағдайын, технологиялық, нормативтік құжаттаманы білу,жұмыс тәжірибесін, біліктілігін арттыру туралы мәліметтерді тексеру
2-схема-Технологиялық процесті, орындаушы шеберлігін, қызмет көрсету жағдайларын тексеру
1) технологиялық құжаттаманың толықтығы;
2) жабдықтардың орындалатын техпроцесс талаптарына сәйкестігі;
3) орындаушылар біліктілігінің орындалатын технологиялық процесс талаптарына сәйкестігі;
4) технологиялық тәртіптің сақталуы;
5) керек-жарақтың, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдардың орындалатын технологиялық процесс талаптарына сәйкестігін бақылау
Менеджмент жүйесін бағалаумен жүзеге асырылуы мүмкін қызметтер көрсету процесін бағалау
1) сапа саласындағы саясат;
2) сапа жөніндегі нұсқау;
3) менеджмент жүйесі элементтерінің белгіленген талаптарға сәйкестігі;
4) сапа салаларында белгіленген мақсаттарға жету көзқарасы тұрғысынан менеджмент жүйесінің тиімділігі тексеріледі.
3-схема-қызметтер нәтижесін жаппай тексеру
-Схема материалдық қызметтерді (жеке тапсырыстар бойынша бұйымдарды жөндеу және дайындау) сертификаттау үшін қолданылуы мүмкін
-Инспекциялық бақылау - қызметтер нәтижесін іріктеп тексеру.
4-схема -оның материалдық-техникалық базасының жай-күйін;
тұтынушыларға қызмет көрсетудің санитарлық-гигиеналық жағдайларын;
нысаналы қызметтермен қатар қосымша қызметтерді де қоса алғанда, қызметтердің түр-түрі мен сапасын;
қызмет көрсетудің анықтығы мен уақтылығын;
қызмет көрсету сапасын (қатынас әдебі, жайлылық, келісімділік, тұтынушы сұранымының есебі және т.с.с);
қызмет көрсетуші персоналдың кәсіби шеберлігін тексеруді қамтиды.
5-схема-Менеджмент жүйесін сертификаттауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің нормативтік құжаттарына сәйкес менеджмент жүйелері бойынша сарапшы-аудиторларды тарту арқылы қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі орган жүзеге асырады. Сертификаттау кезінде барлық қызмет түрлері қолданылуы мүмкін.