Қызмет көрсетуді сертификааттау
Қызмет жеткізуші мен тұтынушының тікелей қарым қатынасының қорытындысы мен тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша жеткізушінің ішкі іс әрекеттері.
Қызмет көрсетуді сертификаттау жүйесінің принципі өнімдерді сертификаттау жүйесімен бірдей(міндетті және ерікті, үшінші жақтың қатысуы, сертификаттау органын аккредитациялау, сәйкестік сертификатын беру т.б). Қызмет көрсетуді сертификааттаудың жұмысын салыстырмалы түрде материалды емес /қасиетінің өзгеруі, жасауы т,б/ және моральдық психологиялық, рухына әсер ету деп екіге бөлуге болады.
Қызмет көрсетуді сертификааттау құрылымына мына жұмыстарды қосуға болады:
• материалдық қызмет көрсетудің нәтижесін тексеру;
• көрсетілген қызметтің сапа жүйесін сертификаттау;
• қызмет ететін жұмыскерлерді аттестациялау;
• қызмет көрсу технология тәсілін аттестаттау;
• қызмет көрсететін кәсіпорындарды сертификаттау;
• инспекциялық бақылау;
Қызметті сертификаттаудың ерекшеліктері
Қызмет көрсету кезінде орындаушы мен тұтынушының тікелей қарым-қатынасы;
Қызмет көрсету шартында тұтынушыға әсер етуі;
Кейбір қызметтерді орындау мен тұтыну уақыты бойынша ұқсауы;
Қызмет сапасын тұтынушылардың бағалауы.
Қызмет сапасы тұтынушының қажеттіліктерінің қанағаттануын анықтайтын қызмет сипаттамасының жиынтығы.
Қызметті сертификаттаудың тәртібі:
Сертификаттауға өтінім беру;
Өтінім бойынша шешім қабылдау;
Сертификаттау сызбасын таңдау;
Сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге өтінім беруші мен сертификаттау жөніндегі орган арасындағы келісім-шартты дайындау;
Қызметті сынауды немесе қызмет көрсету үрдісін бағалауды жүргізу, орындаушының шеберлігі, кәсіпорынды аттестаттау, сапа жүйесін сертификаттау;
Алынған нәтижені талдау және сәйкестік сертификатын беру туралы шешім қабылдау;
Сәйкестік сертификатын беру және ҚР МСЖ Мемлекеттік реестріне енгізу;
Сертификатталған қызметті сәйкестік белгісімен таңбалау;
Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылауды жүргізу.
Сертификаттау жүйесінде қызмет көрсетудегі инспекциялық бақылауды сертификаттау органы немесе эксперт аудитор жүргізеді.
Инспекциялық бақылауды қызмет көрсету нәтижесін бағалау, технологиялық бағалау, үрдістің тұрақтылығын тексеру арқылы жүзеге асыруға болады, ол көрсетілетін қызметке байланысты таңдап алынады.
Қызметті стандарттау жұмыстары 1992 жылы басталды. Оған себеп - Қазақстан Республикасында қабылданған «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заң. Заң тұтынушыларды қауіпті қызметтен қорғаудың жүйесін құрудың қажеттілігін айқындады. Жүйенің басты бағыты ретінде міндетті сертификаттау белгіленді.