Сәйкестік туралы декларация
Сәйкестік туралы декларация-дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн куәландыратын құжат;Сәйкестiк туралы декларацияда:
1) өтiнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерi;
2) сәйкестiктi растау объектiсiн бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн осы объект туралы ақпарат;
3)оның талаптарына сәйкестiгiне өнiм расталатын техникалық регламенттiң атауы;
4)өтiнiм берушiнiң өнiмдi нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланған кезде оның қауiпсiз екендiгi және өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдағаны туралы өтiнiшi;
5)жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификаты туралы, сондай-ақ өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау үшiн негiз болған құжаттар туралы мәлiметтер;
6) сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi;
7) техникалық регламенттерде көзделген өзге де мәлiметтер болуғатиiс. Сәйкестiк туралы декларация осы өнiмдi шығарудың жоспарланған мерзiмiне сүйене отырып өнiмдi дайындаушы (орындаушы) белгiлеген, бiрақ бiр жылдан аспайтын мерзiмге қабылданады.Өнiмнiң сәйкестiгi туралы декларация аккредиттеу саласына осы өнiм кiретiн сәйкестiктi растау жөнiндегi органда тiркелуге тиiс.Сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiнде белгiленген тәртiппен ресiмделген және тiркелген сәйкестiк туралы декларацияның Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында сәйкестiк сертификатына тең заңдық күшi бар.Сәйкестікті декларациялау кезінде өтініш беруші Қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес оның аумағында тіркелген заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер, немесе дайындаушы немесе сатушы, немесе оның келісімшарты негізінде шетелдік дайындаушының қызметін орындаушы ретіндегі жеке тұлға болуы мүмкін.Сәйкестік туралы декларацияны қабылдау
1. Сәйкестік туралы декларация - жеткізушінің (дайындаушының, сатушының) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын белгіленген нысандағы құжаты.
2.Органның Сәйкестік туралы декларацияны (бұдан әрі - декларация) қарау және тіркеу жөніндегі жұмыстарын шарт негізінде жеткізуші (дайындаушы, сатушы) төлейді.
3. Декларацияны жеке және заңды тұлғалар қабылдауға құқылы. Жеткізуші (дайындаушы, сатушы) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар негізінде декларацияны қабылдайды.
5. Декларация нақты бір өнімге немесе растауға жататын бірыңғай талаптар белгіленген біртекті өнім топтарына қатысты қабылдануы мүмкін.
6.Декларация осы өнімді шығарудың жоспарланып отырған мерзімін немесе өнім партиясын өткізу мерзімін, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімді ескере отырып жеткізуші (дайындаушы, сатушы) белгілеген мерзімге қабылданады.
7.Декларация белгіленген нысандағы бланкілерде толтырылады және оған дайындаушы (орындаушы) ұйымның басшысы қол қояды және оның мөрімен расталады.
8.Жеткізуші (дайындаушы, сатушы) қабылдаған декларация аккредиттелген Органда тіркелуге тиіс.
Декларацияның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін жеткізуші (дайындаушы, сатушы) осы Регламентте белгіленген тәртіппен жаңа декларацияны қабылдай алады.