Өндірісті сертификаттау
Сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім.
. Өндірісті сертификаттау:
Сертификаттауды өткізуге сұраныс беру;
Алдын-ала бағалау;
Сертификаттаудың тәсілін құрастыру;
Тексеру жүргізу;
Сертификат беру;
Сертификатталған өндірісті инспекциялық бақылау.
Өндірісті сертификаттау күші мына кезде жойылады:
1. Өнім нормативтік құжаттарға сәйкес болмаған кезде;
2. Өнімді жасау технологиясы өзгеріп, өнімнің сапасының деңгейі төмендеген жағдайда.
өндірісті сертификаттаудың негізгімақсаттары:
• Өнім сапасын арттыру аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
• Өтініш берушінің белгілен генталаптарға сәйкес келетін өнім шығаруға техникалық және ұйымдық мүмкіншіліктерін бағалау мен ресми куәландыру;
• сыртқашығаратын (экспортқа) өнімнің міндетінен туындайтын өтініш берушінің сапа жүйесі мен өндірістерді сертификаттаудағы сұраныстарын қанағаттандыру;
• дүние жүзінің және Қазақстанның нарықтарында өнімдердің бәсекелестік қабілетін арттыру, оның ішінде өткізу нарықтарын игеру және кеңейту;
• сертификаттау кезінде өнімдердің қауіпсіздігін толығырақ және шын растау.