Өнімді сертификатау схемалары
Сертификаттау схемаларын қолдану
1. 1-6 жəне 10 сертификаттау схемалары сериялық шығарылатын өнімді сертификаттау кезінде, 7, 8, 9-схемалар шығарылған өнімді сертификаттау кезінде қолданылады.
2. 1-схеманы өнімнің шектеулі, өткізу көлемін алдын ала айтылған кезде қолдану ұсынылады.
3. 2-схеманы ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша келіп түсетін импорттық өнімді сертификаттаған кезде немесе жекелеген келісім-шарттар бойынша сериялық өнімді тұрақты жеткізген кезде қолдануға болады.
4. 3-схеманы өндірістің тұрақтылығы күмəн тудырмайтын сериялық өнімді сертификаттау үшін қолданған жөн.
5. 4-схеманы өнімнің сипаттамасының тұрақтылығына жан-жақты жəне қатаң бақылау қажет болған кезде қолданады.
6. 5 жəне 6-схемаларды:сынақтарға арналған іріктеудің нақты көлемі шығарылатын өнімді объективті бағалау үшін жеткіліксіз;технологиялық процестер сыртқы факторларға сезімтал;шығарылатын өнім сипаттамаларының тұрақтылығына қойылатын жоғары талаптар белгіленген;
өнімнің жарамдылық мерзімі сынақтарды ұйымдастыру жəне жүргізу үшін қажетті уақыттан кем;өнімді түрлендірудің жиі ауысымына тəн;өнім тұтынушыда монтаждан өткеннен кейін ғана сыналуы мүмкін өнімдерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.6-схема түпкілікті бұйымды сертификаттауды көздемейтіндігімен ерекшеленеді жəне жинақтаушы бұйымдарды сертификаттау үшін ұсынылған.
7. 7 жəне 8-схемаларды осы өнімді өндіру мен өткізу бір жолғы сипатқа ие болғанда (партиясы, бірлі-жарым бұйымдар) қолдану ұсынылады.
8. 9-схеманы импортталатын өнімдер үшін мынадай жағдайларда:
шағын жəне орта бизнес жəне жеке кəсіпкерлер үшін;жеке мұқтажы жəне өндіріске арналған өнімдерді əкелген кезде (жинақтаушы, ілеспе өнім, өндіріске арналған шикізат жəне жартылай фабрикаттар, технологиялық жабдық, өндіріске арналған құралдар мен аспаптар, монтаждауға арналған жабдықтар жəне т.б.);өңірде сынақ зертханалары болмаған кезде өзге кəсіпорындардың өткізуі үшін өнімдерді əкелген кезде қолдану ұсынылады.
9. 10-схеманы отандық өндірушілердің тұрақты шығарылмайтын немесе шағын көлемде шығарылатын ұзаққа созылған өндірісте өнімдерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.Схеманы шағын кəсіпкерлік субъектілері мəлімдеген өнімдерді сертификаттаған кезде қолданған орынды.
10. 9 жəне 10-схемаларды мынадай біртекті өнімдер топтарын: балалар тағамы өнімдерін, ойыншықтарды, автомобиль бензиндерін, дəрілік құралдарды сертификаттаған кезде пайдалануға рұқсат етілмейді.