Моғолстан (ХІҮ ғ. ортасы – ХҮІ ғ. басы)
Ұлы ханға тауелді болмаған саяси бірлік түріндегі Орта Азиялық шыңғыстықтардың мемлекеті - Хайду мемлекеті. Хайду (1269-1301 жж.) билеген кезде мемлекеттің құрылымы өзінің толысу шегіне жетті. Жамал қаршының сөзіне қарағанда, Хайду əділетті, қайырымды, жұмсақ мінезді, елінің мүддесін қорғайтын білімді мұсылмандарға қамқор хан болған. Үгедейдің немересі Хайду өлгеннен кейін көп кешікпей, 1306-1307 жж. шамасында мемлекеттегі билік Барақ ханның ұлы, Шағатайдың шөбересі Туваға (Дуваға) ауысты. Сөйтіп, Шағатай əулетінің Орта Азия мен Жетісудағы рөлі қалпына келді. В.В. Бартольдтың айтуына қарғанда, оны Шағатай мемлекетінің негізін салушы ретінде танып- білу керек. Бірақ Шағатай мемлекеті көп тұрған жоқ. Өзара тартыстың əсерінен əлсіреген хандық биліктің беделінің түсуі əскери көшпелі қауымның алға шығуына себепші болды. XIV ғасырдың 40 жəне 50-жылдары ол он шақты иелікке бөлініп кетті. 1346 жылы Шағатай мемлекетінен Моғолстан деп аталған солтүстік-шығыстағы аумақ бөлініп шықты. Моғолстанның құрылуы пайда болған кезінен бастап-ақ саяси жəне экономикалық жағынан біртұтас ел болмаған Шағатай ұрпағы мемлекетінің ыдырауымен байланысты. Мауереннахрды жаулап алған моңғолдар жергілікті отырықшы - егіншіліктің жəне қала дəстүрлерінің ықпалымен жаңа жағдайға бейімделіп, отырықщылыққа ауыса бастады. Жетісуда қалған моңғолдар болса, олар мұнда елеулі дəрежеде түріктенсе де, негізінен көшпелі тұрмысты сақтап қалды, ол былай тұрсын, жергілікті халықтың егіншілері мен жартылай көшпенділерінің біразы көшпелі тұрмысқа көше бастады. Таусылмайтын феодалдық соғыстар мен тартыстар елдің ауыр шаруашылығын күйзеліске ұшыратты. Мұнда 1306 жылдан 1370 жылға дейін 20 хан ауысты. Осының бəрі XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай мемлекетінің ыдырап, батыс пен шығыс бөліктерге бөлінуіне əкеп соқты. Шығыс бөлігі Моғолстан атанды, ал батысы - Мауереннахр дербес аймақ күйінде қала берді. Орта ғасырдағы тарихшылардың келтірген деректеріне қарағанда, XIV ғасырға таман осындағы ру-тайпалар "моғол" деп аталған. Бірақ бір кездегі "моғол" сөзі XIV ғ. қалыптасқан халықтың аты емес, əскери-саяси одақтың ғана аты болған еді. XIV ғасырдың ортасыңда осы "моғол" одағы негіз болып құрылған хандық Моғолстан деп аталады. Алайда тарихи оқиғаларға байланысты Моғолстанның жер көлемі бірде кеңейіп, бірде тарылып отырды. Дулат феодалының тəуелді иелігі болған Маңғылай Сүбе өлкесі Моғолстанға кейде қосылып, кейде бөлініп кетіп отырды. Маңғылай Сүбе өлкесі Моғолстан мемлекетінің негізгі халқы түркі тілдес тайпалар - дулат, албан, суан, қаңлы, керей, арғын, найман т.б. Бұлардың басым көпшілігі ежелден осы өңірді мекендеген түрік тілдес тайпалар, олардың ішінде жергілікті түрік тілдес халықтарға сіңіп, түріктеніп кеткен моңғол тайпалары да болды. Моғолстан атанған бұрынғы Шағатай ұрпағы мемлекетінің шығыс аймақтарының көшпелі шонжарлары хижра бойынша 748 ж. /1347-48 ж. Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді хан қойды. Хан өзінің билігін ортағасырлық шығыстағы сыннан өткен идеологиялық тірек - мұсылман діні арқылы нығайтуды ұйғарды. Мұнда XIV ғ. ортасында саяси өмірдегі басты рөлді Мауереннахрдан бөліну жолындағы қозғалысты басқарған дулат тайпасының көсемдері атқара бастады. Дулаттар бұл кезде Жетісудағы ең ірі түрік тайпаларының бірі болатын. Моғолстан шекарасы Мұхаммед Хайдардың "Тарих-и-Рашиди" атты кітабында былай баяндалады: "Қазір Моғолстан деп аталатын жер аумағының ені мен ұзындығы 7-8 айға созылатын жолды көрсетеді. Моғолстанның шығыс шеті қалмақтар жеріне кіріп жатыр, ол өзіне Барс көл, Еміл, Ертісті қосып алады. Солтүстігінде Көкше теңізбен (Балқаш көлі), Бом жəне Қараталмен, батысында Түркістан жəне Ташкентпен, оңтүстігінде Ферғана, Қашқар, Ақсу, Шалыс жəне Турфанмен шектеседі". Яғни сол кездегі Моғолстанға қазіргі Оңтүстік-шығыс жəне Оңтүстік Қазақстан жер аумағы кірген. Одан əрі қарай Хайдар былай жалғастырады: "Моғолстанда үлкен өзендер көп, үлкендігі Джейхунға (Əмудария) ұқсайды. Олардың ішінде Іле, Еміл, Ертіс, Шұйлық жəне Нарын бар. Бұл өзендер Сырдариядан кем түспейді. Бұл өзендердің көп бөлігі Көкше теңіз (Балқаш) көліне құяды, ол Моғолстан мен Өзбек ұлысының ортасын да бөліп тұрады". Бұл мемлекет Шағатай ұлысының бір бөлігі еді, ал екінші бөлгінде Мауереннахр өмір сүріп жатты. Моғолстанның құрамына Түркістан, Оңтүстік-шығыс Қазақстан облыстары жəне Орта Азияның кейбір облыстары кірді. Моғолстан ортағасырлық авторлардың тарихи деректерінде мемлекет өзінің құрылу кезеңдеріне қарай "моғол" атты этникалық-саяси бір тұтастыққа енудің ұзақ араласу жəне сіңісу процесінен өткен жергілікті түрік жəне түріктенген моңғол тайпаларының мемлекеттік-саяси бірлестігі болып көрінеді. Оған кіретін тайпалар: дулаттар, албандар, суандар, қаңлылар, керейлер, арғындар, барластар т.б. Моғолстан ордасының орныққан орталығы Алмалық қаласы болды. Моғолстан бұрынғы Шағатай ұлысының жəне Жошының оңтүстік- шығыстағы əскерлеріне толық билік жүргізді. Тоғылық-Темір Мауереннахр өлкесін Шыңғыс əулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 жылы астыртын кісі жіберіп Қазаған əмірді өлтіртті. Бір жыл өткен соң ірі соғыстардың бірінде Қазағанның мұрагер ұлы Абдолла да қаза тапты. Осыдан кейін Мауереннахр бірнеше тəуелсіз облыстарға бөлініп кетті. Бұл жағдайды пайдаланып қалуды көздеген Тоғылық-Темір оларды бағындыруға кірісті. 1360 жылдары Тоғылық-Темір Орта Азиядағы Шағатай мемлекетінің бұрынғы қалпына қайта келтіру үшін Мауереннахрға екінші рет жорық жасап, екеуін де жеңіспен аяқтап, баласы Ілияс Қожаны хан тағына отырғызып қайтады. Бұл жолы ол Орта Азияның болашақ билеушісі əмір Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады. 1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс Қожаға көшкенде Мауереннахрға билеуші болып, Қазағанның немересі Хұсайын тағайындалды. Осы тұста қарындасына үйленіп Хұсайынмен дос болған əмір Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мауеренахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Темір билік биігіне өрлегенде мұсылман дініне сүйенді. Ол діндар емес еді. Дін тиым салған талай күнəларға белшесінен батып жүріп көптеген мешіттер, діни оқу орындарын салдырды. Түркістанда Қожа Ахмет Иассауидің мазарын салдырған да соның өзі. XIV ғасырдың 70-90 жж. Орта Азия билеушісіне айналған əмір Темір Моғолстан мен Ақ Ордаға қайта-қайта шапқыншылық жорықтар жасады. Əмір Темірдің əскерлері Алмалық маңына дейін келді жəне осы өңірдегі керей тайпасын талан-таражға ұшыратты. Əмір Темірдің шақыншылық жорықтары Ақ Орда мен Моғолстан халқына ауыр азап шектірді. Егін шаруашылығы бүлінді, қала-қыстақтар қирап, сауда мен қолөнер құлдырап, мал басы кеміп кетті. Осынын нəтижесінде 70-80-жж. өзінде-ақ Моғолстан билеушілері Қызыр Қожа ханның (1388-1389 жж.), əмір Қамар ад-дин Дулаттың, Енге төренің жəне басқалардың Жетісу мен Қашқарияға Темір əскерлерінің басып кіруіне қарсы ұзаққа созылған жəне табан тірескен күрес жүргізуіне тура келді. Осы күрес барысында Ақ Ордамен күш біріктіруге əрекет жасалды. Əмір Темірге қарсы бірлескен күресінің Шығыс Дешті- Қыпшақ пен Жетісу халқының саяси, шаруашылық байланыстарын орнату үшін зор маңызы болды. Орта Азия билеушісі жорықтарының нəтижесінде Моғолстан уақытша үлестерге бөлініп кетті. Қызыр Қожа хан өзін Темірдің вассалы деп тануға мəжбүр болды. Темір ұрпақтары XV ғасырдың І- жартысында Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан жерлерінен дəмеленуін тоқтатпады. Қызыр Қожа хан өлген соң, оның балалары билеген кезеңдерде өзара талас-тартыс қайта өршіді. Моғолстан мемлекеті бірнеше бөлікке ыдырады. 1408 жылдан Моғолстан ханы Мұхаммед ханның тұсында Моғолстан іс жүзінде Темір əулетіне тəуелді болған жоқ. Бұл хан Темір əулеті билігінен Моғолстанның батыс аудандарын, Шу, Талас алқабын азат етіп қоймай, сонымен қатар Түркістан мен Ферғананың егіншілікті алқаптарына қол жеткізу үшін одан əрі жылжуға күш салды. Мұхаммед Хайдар Дулати атап көрсеткендей Мұхаммед хан ел басқару ісін тəртіпке келтірді. Дегенмен Мұхаммед ханнан кейін Моғолстанда бүліктер мен өзара дау- жанжал қайта өрбіп, мұны Мауереннахр билеушілері пайдаланды. 1414 ж. Қашқария қайтадан Темір əулетінің иелігіне көшті. Əмір Темірдің ұрпағы Ұлықбек 20-жж. Моғолстанның өз ішінде Жетісу жерлерінде, Солтүстік Тянь-Шаньда Темір əулетінің ықпалын кеңейту қадамдарын жасады. 1418-1421 жж. Моғолстанда үкімет билігі Уəйіс ханның қолында болды. Моғол тағына екінші бір үміткер Шер-Мұхаммедтің өтініші бойынша 1421 ж. маусымда Ұлықбектің өзі Моғолстанға жорыққа аттанды. Ұлықбектің көмегіне сүйенген Шер-Мұхаммед 1421 ж. елде билікті өз қолына алды. Моғол əмірлері мен бектерінің бір тобы оны қолдаса, енді бір тобы Уəйіс хан жағында қалды. Уəйіс хан тұсында (1418-1428 жж.) ойраттардың Моғолстанның шығыс шекараларына қысымы күшейе түсті. Уəйіс хан 1422 ж. Турфан қаласын басып алып, оны өз астанасына айналдырды, ал ойраттар Хами қаласына шабуып жасады. Уəйіс хан он жыл ішінде қалмақтардың барлығы 61 шабуылына тойтарыс берген. XV ғасырдын I-жартысында Оңтүстік-Шығыс Қазақстан тынымсыз өзара алауыздық қырқысулар сахнасына айналды. Қызыр Қожа хан, Мұхаммед хан, Уейіс хан тұстарында Моғолстанда үкімет билігін орталықтандыру мен ішкі саяси жағдайларды уақытша тұрақтандырудың жекелеген кезеңдерін феодалдық күресінің жаңа толқындарымен, Жетісу аумағына батыстан Темір əулеті жəне шығыстан ойраттар жасаған үздіксіз шапқыншылықтары бұзып отырды. Уейіс хан өлгеннен кейін 1433-1434 жылдар шамасында хан тағына 13 жасар Есен-Бұға отырды. Арада бірнеше жыл өткен соң моғол көшпелі ақсүйектерінің талап етуімен жаңа хан Есен-Бұға Сайрам, Түркістан, Ташкентке тонаушылық шапқыншылықтар жасады. Келесі жолғы жорықта Есен-Бұға Əндіжанға дейін жетіп, қамалды қоршады. XV ғасырдың 50-жылдарында ойраттар Моғолстан аумағына келіп, Шу өзенінің жағасына жетті. Қашқардағы алауыздық қырқысулардан қолы босамай жүрген Есен-Бұға хан оларға айтарлықғай қарсылық көрсете алмады. Соғыстар мен өзара қырқысулардың салдарынан Жетісудағы қазақ тайпалары орталық жəне оңтүстік өңірлерден қол үзіп қалды, тайпалардың этникалық ұлт болып бірігу процесі баяулады. XV ғ. ойраттар шапқыншылығы бірнеше рет қайталанды. Олар Моғолстанды əлсірете түсті, міне сондықтан да Моғолстан ханы Есен-Бұға 50-жж. аяғында Батыс Жетісуға келген қазақтар Жəнібек пен Керейді ойраттар бетін қайтару үшін пайдаланбақ болды. Қазақтар, іс жүзінде, əсіресе 60-жж. ортасында Жетісудағы өз иеліктерін ойраттардан қорғай алды. Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428 –1468 жж.). Феодалдық бытыраңқылықтың күшеюі XV ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның орталық аймағында Əбілқайыр хандығының пайдаболуына əкелді. XV ғасырдың 20-жылдарының аяғында Ақ Орданың далалық аумағының үлкен бөлігінде, XIV ғасырдың өзінде-ақ біріккен, Орда – Ежен мен Шайбани ұрпақтары билігіндегі халық пен жерде билеуші əулет ауысады: Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі шонжарларының қиян-кескі күресінің нəтижесінде билік біріншісінің мұрагерлерінен екіншісінің мұрагерлеріне ауысады. Бұл күрестің пайда болуымен етек алуына саясижəне əлеуметтік-экономикалық сипаттағыкөптегенсебебтергебайланыстыАқОрданыңəлсіреуі мен құлдырауы себепші болды. Ортағасырлық авторлардың бірі Махмұд ибн Уəли Ақ Ордада Шайбани ұрпақтарының билік басына келу фактісін жалпы Алтын Орданың күйреуімен орынды байланыстырады.Ақ Орда хандарынан айырмашылығы – Шайбани ұрпақтары Орда тағы үшін жан аямай, өздерінің материалдық жəне адам ресурстарын ысырап еткен жоқ. Олардың Темір мен оның мұрагерлерінің басқыншылық дəмелеріне тойтарыс беруіне де тура келмеді. Өйткені Темір ұрпақтарын бұл ауданда көшіп жүретін даладан гөрі бірінші кезекте Сырдария аңғарындағы бекініс-қалалар қызықтырған еді. Осының бəрі Шайбани ұрпақтарына Орда–Ежен мен Тоқа-Темір əулетінен өрбіген хандарға қарама-қарсы Ақ Орда аумағында билік ету құқығын білдіружəнеШығысДешті Қыпшақ пен кейініректе Түркістанның саяси картасын өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз етті. Шайбани ұрпағыЖұмадықхан 1428 жылымаңғыт əмірлеріменжəнеЖошыҰрпағы Қажы-Мұхаммедпен Жайтар-Жалқын сайында болған шайқаста қаза тапқаннан кейін Шайбани ұрпағы Дəулет-Шайхтың баласы Əбілқайыр хижра бойынша 833 жылы (1428- 1429 жж.) Тураөңірінде (БатысСібір) хандепжарияланады. Оныңхандығыныңқұрамына қият, маңғыт, шынбай, найман, қарлұқ, үйсін тағыбасқа сол сияқтытайпалар енді. Шығыс Дешті Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген "Көшпелі өзбектер мемлекетінің" яғни Əбілқайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Əбілқайыр хан құрған мемлекеттің атауы деретемелерде дəстүр бойынша "Өзбек ұлысы", сондай-ақ "Шайбани ұлысы", "Əбілқайыр ұлысы" деп аталған. "Ұлыс " атауы деректемелерде ел атауымен, "ел жəне өзбек ұлысы" деген түрде тəуелді халықтың этносаяси жалпы атауы ретінде айтылады. Бұл соңғы ат сонымен бірге географиялық "дийар "- ел (Дийар-и өзбек) ұғымымен қоса қолданылады. Тарихи əдебиетте Əбілқайыр мемлекетін "Өзбек хандығы", "Көшпелі өзбектер мемлекеті", "Əбілқайыр хандығы" деп атайды. Соңғы атау неғұрлым бейтараптау көрінеді, өйткені Орта Азиядағы өзбек халқының болашақ компоненті ретінде хандық аумағында тек көшпелі өзбектер ғана өмір сүрген жоқ, солармен бірге көп нəрседен хабардар болған XV ғасыр авторы Рузбихан Исфаханидің жазбаларына қарағанда, негізінен қазақтар, маңғыттар тұрған. Осы аумақты мекен еткен, Əбілқайыр мемлекетінің құрамына кірген аса үлкен этникалық топтардың бірінің атауыменоныҚыпшақхандығыдепатауғадатолықнегізбар. Əбілқайырдың жаулаушылық соғыстары XV ғасырдың 30-жылдарында басталады. Тоқа Темір əулетіне қарсы жорыққа Əбілқайыр көп əскер жиды. Əбілқайырдың төменгі Сырдария аймағына жорыққа шығуының басты себебі əулеттік күрес қана емес, сонымен бірге Сырдария мен Арал жағалауы төңірегінен қысқы жайылымдық алу қажеттілігі еді. Сырдарияның төменгі сағасына иелік ету көшпелі мемлекеттің қуатын арттыру үшін аса қажетті Түркістан қалаларына жол ашатын. Шайқас 1431 ж. Екітүреп деген жерде болып, Тоқа-Темірдің жеңілуімен аяқталады. Əбілқайырдың келесі жеңісі 1446 жылы Атбасар маңында болды. Ол жолы Мұстафа ханды тас-талқан еткен. Ол бағындыру мақсатымен оңтүстік аймақтар мен елдерге əскери жорықтарға шыға бастады. Ол 1430 жылы қысқа мерзімге Хорезмді басып алды, Үргенішті тонады. 1446 жылы Ұлықбектің тақ мұрасы істеріне байланысты Мауереннахрдың оңтүстігі мен Хорасанға кеткенін білген Əбілқайыр жазғы көші-қонысын қоя тұрып, Самарқанд пен Бұқараға тап берді, олардың төңірегіндегі жерлерді тонап, ортаңғы Сырдарияның бірқатар қалаларын басып алды. Əбілқайыр хан бұрынғы Барақ хан сияқты, Ақ Орданың экономикалық жағынан анағұрлым қуатты оңтүстік аудандарын өз қол астына кіргізудің маңызын жақсы түсінді. Ол үшін Сырдария қалалары, бұрынғы Ақ Ордадағы сияқты, бірігудің, мемлекеттің далалық аймақтарын өз билігінде ұстаудың факторы бола алатын еді. Қазақстанның далалық көшпелі аудандар тұрғындары үнемі ұмтылып келген кəсіпшілік пен сауда орталықтары саналатын Сырдария қалаларын алу Əбілқайыр хандығын нығайтуға айтарлықтай ықпалететіні сөзсіз. Əбілқайыр Дешті Қыпшақтағы өз жақтастарының қыруар күшіне, далаға жиырма жыл бойы үстемдігін жүргізген өз қуатына сүйенгендіктен де Сырдария қалаларын тез басып алды. Бұл жағдай өзара ағайындас Шайбани ұлысы мен Орда ұлысы тайпаларының арасындағы қырғи қабақ қатынастарды бұрынғыдан бетер шиеленістіре түсті. Өйткені Əбілқайырдың қалалар мен оның төңірегіндегі алқаптарды алуы Жəнібек пен Керейдің жəне оған тəуелді, Сырдария бойы мен Қаратау өңірінде көшіп-қонып жүрген қазақтардың мүдделеріне қайшы келді. Бұл олардың арасындағы күрестің қайта жанданып, қазақ сұлтандары мен оларға қарасты рулар мен тайпалардың көшіп кетуіне əкеліп соқтырған аса маңызды себеп болды. 1456-1457 жылдары Сығанақ түбінде қалмақтардан күйрей жеңілген Əбілқайыр Түркістанның талан-таражыға түскенқалаларын тастап шығып, Дешті-Қыпшаққа кетуге мəжбүр болды. Жеңілудің басты себебі оның мемлекетінің ішкі əлсіздігінде жатыр еді. Шыңғыс əулеті арасындағы толассыз қырқыстар мен алауыздықтар, рулар мен тайпалардың көшпелі ақсүйектерінің оқшаулыққа ұмтылуы, феодалдық жоғары топтар мен қатардағы көшпелі жəне жартылай көшпелі бұқара арасындағы қайшылықтардың шиеленісуі, ішкі жəне сыртқы соғыстар мемлекеттің шаңырағын шайқалтып, күйреу дəрежесіне жеткізген еді. 1468 жылы Жетісу жорығы кезінде Əбілқайыр қаза тапты. Қазақ хандығының құрылып, нығаюына байланысты Шайбани əулетінің Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігі тоқтады.