Қарақытай мемлекеті (1128-1213 жж.)

Солтүстік Маньчжурия мен Монғолияда Қиданның Ляо мемлекеті (907-1125 жж.) құрылды. Қидандардың Ляо империясы тұрақты болмады. Маньчжур тайпаларының соққысынан кейін бас көтерместей жеңіліске ұшырады. Осыдан кейін қидан тайпалары Елюй Дашының басшылығымен батысқа келіп қоныстанған. Оларды жергілікті жерлерде қара қытай деп атады. Сөйтіп, олар Оңтүстік-Шығыс пен, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Қидандар Орта Азияға Қарай жылжып, Салжұқ сұлтаны Санжарға соққы беріп, 1141 жылы Самарқанд қаласын басып алды. Осыдан кейін Елюй Дашы өзін Горхан деп жариялайды. Қайтар жолда горхан əскерлері Бұхараны оңай басып алып, Баласағұн аймағына келіп орналасты. ХҮ ғасырдың 30-40 жылдарында қазіргі Оңтүстік, Мауереннахр аймағының жері қара қытай иелігіне кірді. Елюй Дашы 1143 ж. қайтыс болды. Баласы Иле жас болғандықтан хандықты Елюй Дашының əйелі Набұян басқарды. Жеті жылдан соң Даштың ұлы Иле əкесінің тағына отырып, 1150-1164 жж. горхан болды. Ол қайтыс болған соң қарындасы Бұбұған таққа отырып, 1164-177 жж. билік жүргізді. Оның хандығының соңғы кезінде қарақытай ордасында саяси өзгерістер көп болды, Бұбұған өлтіреді. Оның орнына Иелінің баласы Жилучу горхан болды. Жилучу өзінің билігін 1213 жылға дейін жүргізді. Бұл кезде қарақытай Орта Азиядағы басып алған жерлерінен айырыла бастады. 1198 жылы Аңғал аймағынан шыққан Турид билеушілері қарақытайларға күйрете соққы береді.