Түргеш қағанаты (704-756 жж.)

Батыс түрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай императорлық əулетінің əскери əрекеттері қаған билігінің əлсіреуіне алып келді. 694 жылы таққа отырған Ашина Туйцзы тибеттіктермен одақтаса отырып, қытай əскеріне қарсылық ұйымдастыруға əрекет жасаған кезде, Жетісуда Нарзұқ- Иркин, Тургеш Чиқан жəне ұлық-оқ тайпасының басшысы бастаған тайпалар Суяб бекінісін қоршауды ұйымдастырған. Түрік Хусэлонның бастауымен армия құрылады. Бұл армия халқын тыныштандыру үшін ұйымдастырылған еді. Қағанатта үлкен күш пайда болып, мұның қуаттылығы соншалық, Хусэло жорық жасаудың орнына асығыс түрде тайып тұрады. Түргештің көтерілуі күтпеген жерден болған оқиға еместі – қағанаттың сол жақ құрамына кіретін, халқы көп тайпа болған түргештер ҮІ ғасырда-ақ Шу-Іле қос өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатты жəне Жетісу керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болған делінеді. Олардың билеуші əулетінің атасы Үш-Елік қаған (699-706 жж.) болды. Ол ордасының Шу бойындағы Суябқа орналастырып, ал екінші ордасы Хунгіт қаласы болды. Үш-Елік қалған елді 20 түтіктікке (елшілікке) бөлді, оның əрқайсысында 7 мыңнан əскері бар еді. Түргеш қағанатында Үш-Еліктен кейін оның мұрагері болып баласы Сақал қаған (706-711 жж.) таққа отырған. Түргеш қағанатында талас-тартыс туып ішкі бірлік болмайды. Мемлекеттің сыртқы жағдайына мəз еместі. Сол уақытта зор қауіп төндіріп тұрған Таң əулеті, Орталық Азия түріктері айбат шегумен болды. Шығыс түріктері Қапаған қаған бастаған əскери одағы, 711 жылы Болучу өзені бойында түргештерді ойсырата жеңеді. Бұл жеңілістен кейін түргештер өз ордасын Таласқа көшіреді. Қаған тағына Шапыш тайпасының өкілі Сұлықты отырғызады. Түргеш қағанатының ішкі саяси жағдайы бірнеше жылдар бойы құбылып отырады. Бірақ Сұлық қаған (715-738 жж.) таққа отырғаннан кейін қағанаттың жағдайы қайта күшейе түседі. Сұлық қаған айлакер қолбасшысы екі майданда күрес жүргізеді. Ол олжаларды бөліске салмай өз қолында ұстады. Дау–жанжалдар қара жəне сары түргештер арасында күреске ұласты. Сұлық қаған өлген соң күрес шиеленісе түсті. 756 жылы қағанат түрік тілді қарлық тайпасының тегеурініне шыдамай құлады.