Қазақстан территориясындағы ерте дəуір

Қола дəуірі (б.з.б. ХҮІІІ – ІХғғ.). Металл балқытуымен адамзат өз дамуында келесі кезеңге өтті. Бұл кезеңнің негізгі материалы мыс пен қалайының қоспасы болғандықтан археологтар оны қола ғасыры деп атады. Қоладан əртүрлі еңбек құралдары жасалды – орақ, кетпен, əшекейлер т.б. құралдар. Қола ғасырының өзіне тəн ерекшелігі – металлургия мен дамыған жер жəне мал шаруашылығының кешенді дамуы. Қазақстан жерінде өндіруші шаруашылықтың қалыптасуымен жаңа өзіндік мəдениет қауымдастықтары пайда болды, олар неолит дəстүрін жалғастырды. Осы жергілікті мəдениеттердің бəрі көп жағдайда ұқсас болды, сондықтан оларды жаңа археологиялық мəдениетке – Андронов мəдениетіне біріктірді. Бұл мəдениет Минусин ойпатында табылған жердің атымен аталды. Ол екі кезеңге ерте жəне орта қола ғасыры болып бөлінеді. Жабайы жануарларды қолға үйретуге көшу адам қоғамы дамуының заңды кезеңі болды. Жабайы жануарларды қолға үйрету сонау неолит дəуірінде басталды. Неолиттен кейінгі қола дəуірінде қолға үйретілген жануарлардың саны көбейді. Малдың түр құрамы да көбейді. Қола дəуірі шаруашылық нысаны ретіндегі мал шаруашылығының үздіксіз дамыған уақыты болды. Үй маңында мал бағу бірте-бірте жайлауда малмен бірге бір жайылымнан екінші жайылымға жылжи көшіп отырды. Қола дəуірінің соңғы кезеңінде Қазақстанның далалық аудандарында мал өсіру шаруашылықтың негізгі саласына айналды жəне көшпелі мал шаруашылығына жақын түрге ие болды. Өнімді мал шаруашылығына көшу ілгері басқан құбылыс болды. Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен қатар неолит дəуірінен бастап егіншілік дами бастады. Қола дəуіріндегі тайпалардың шаруашылығында мал шаруашылығы мен егіншілік бірін-бірі толтырып, өзара байланысты болды. Егіншілік өзінің сипаты жағынан қарапайым болып қала берді жəне мал өсірумен салыстырғанда көмекші рөл атқарды, бірақ ол тамақ өнімдерін алудың маңызды көзі болды. Қола дəуірінде аң жəне балық аулау өзінің бұрынғы маңызынан айырылды. Жабайы жануарлардың сүйектерінің үлесі алдыңғы қола дəуірінің қоныстарында 3,6%, соңғы қола дəуірінде 1% -ке дейін болды. Қола дəуіріндегі тайпалар үй маңында мал өсіруден жайлаудан мал бағуға, одан кейінгі көшпелі мал шаруашылығына көшті. Кен ісі, металлургия. Қола дəуірінде адам қоғамының өндіргіш күштердің дамуында мал шаруашылығымен жəне егіншілікпен қатар əр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті ұқсату аса маңызды рөл атқарды. Қоныстар мен тұрғын үйлер. Қазақстан аумағындағы қола дəуірі қоныстарының көп екені мəлім, олардың 60-да археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Əдетте, қоныстар өзен жағасында, көл маңында орналасты. Қоныстар 60-10 үйден, үлкендері 20 үйден құрылды, олар бір немесе екі қатар үйлер болып бөлінді. Жартылай жертөлелердің негізгі үш түрін атап өтеуге болады, олар: тік бұрышты, сопақ жəне сегіздік тəрізді, бəрінің шаршы метрден 300- 400 шаршы метрге дейін жетіп отырды. Үй-қоралардан жайғасуы, жер ошақтардың, шаруашылық саны мен орны үйдің немесе оның жеке бөлігінің нақ неге арналуына байланысты болды. Қоныстарға жақын жерде рулық зираттар орналасты. Үйдегі кəсіптер. Мал шаруашылығы тамақ өнімдерін ғана емес, сонымен қатар киім мен аяқ киім тігілетін шикізаттар да берді. Қола дəуірінде тоқыма кəсібі қарапайым тоқыма станогінің ұршықтарының табылуынан дəлелденді. Жүн киімдер қойдың биязы жүні мен ешкінің түбітінен тоқылады. Діни нанымдар мен табынушылықтар. Қола дəуіріндегі тайпалардың тұрмысы мен əл-əуқаты түгелдей табиғат деп білді. Бұл ең алдымен күн, от, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі болды. Күн мен от жылының біреуі – мұның бəрі қайырымды, құдіретті рухтармен байланыстырылды. Қола дəуіріндегі тайпалар отқа табынған, мұны сол дəуірде кең таралған өлікті өртеу ғұрпы көрсетеді. Ежелгі адамдардың ұғымынша, ол денені жамандықтардан тазартады жəне өлген адамды зұлым рухтардан қорғайды. Қола дəуірінің соңғы кезеңінде шаруашылықтың жаңа түрі көшпелі мал шаруашылығының дамуына байланысты күнге табынумен бірдей ай мен жұлдыздарға табыну пайда болды, өйткені көшпелілер түнде көшкенде соларға қарап бағыт ұстайтын болды. Қола дəуірінде тайпалардың ата-бабаларына айнуы жəне о дүниеге сенуі кеңінен таралды. Сондықтан қола дəуірінің тайпалары өлген құралдармен, қарумен, сəндік заттармен мүмкіндігінше жақсылап жабдықтауға тырысты. Бейіттері үйге ұқсас етіп салынды жəне айналасы шарбақтармен қоршалған. Қазіргі уақытта Орталық Қазақстанда қола дəуірінің 50-ге жуық қонысы мен 150 ірі қорымы табылды. Қазба ісі 40 қорым мен 10 қонысты жүргізілді. Орталық Қазақстанға Андронов мəдениеті тайпалары өз дамуында бірінен соң келетін екі кезеңнен өтті, алдыңғысы – Нұра кезеңі, ортаңғысы – Атасу кезеңі. Соңғы қола дəуірінде (б.з.б. Х-ҮІІІ ғғ.) олар Андронов мəдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары, көрнекті Дəндібай-Беғазы мəдениетін құрды. Дəндібай – Беғазы заманындағы (б.з.б. Х-ҮІІІ ғғ.) тайпалар мəдениеттік дамуы бірінен кейін бірі келетін үш кезеңге: өтпелі, дамыған жəне соңғы кезеңдерге бөлінеді. Атасу заманынан Дəндібай-Беғазы заманына дейінгі өтпелі кезең Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ далада таралған көптеген ескерткіштермен сиппатталады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбара-2, Бесоба, Бұғым-3 кешендері жатады. Бұл ескерткіштерге, бір жағынан, Андронов мəдениеті дəстүрлерінің сақталуы, екінші жағынан, мəдениеттік жаңа элементтердің - тұрпаты ерекше бейіт тамдардың, жатаған домалақ ыдыстардың пайда болуы тəн. Жерлеу ғұрпы да Андронов мəдениетіне тəн емес. Əдеттегі бүктетілген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызған қаңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі қола, ерте темір дəуірінде Қазақстан аумағында тұрған малшы тайпаларда кеңінен тараған. Дəндібай-Беғазы мəдениетінің дамыған дəуіріне жататындар Беғазы, Айбас-Дарасы, Аққойтас, Дəндібай, Ортау-3, Саңғыру-1-3 зираттары, Ұлытау, Шортанды бұлақ, Қарқаралы-1-3 жəне басқалары. Бұл қорымдар мен қоныстар тұрған үйлер мен ғұрыптық табыну үйлерінің сəулет-құрылыс жағынан жетілгендігімен сиппаталады. Беғазыдағы бай кесенелердің көңіл қоярлық ерекшеліктердің бірі – діни ғұрыптың заттарды қою үшін жəне құрбан шалу үшін арнайы істелген мехрап орны. Шаруашылықтың көшпелі қалыпқа бейімделумен сиппатталатын кейінгі даму кезеңінде бір кезде жоғары дəрежеде болған Дəндібай-Беғазы мəдениеті жаңа сатыға көшеді. өткен замандағы күрделі бейіттік құрылыстардың орнына қоршаусыз ірі тас жəшіктерден жасалған қарапайым құрылыстар пайда болды. Бұлар Қарқаралы маңын Кент тауларындағы, Айдарлы, Бұғылы-2, құрылыс алқаптарындағы ескерткіштер. Қыш ыдыстарда өткен уақыттағы дəстүрлер əлі сақталады. Ыдыстардағы өрнектер қара дүрсінденіп, негізінде тегіс қалыппен белдеулей салынған қиғаш кертпелер, біріне-бірі көлденең сызықшалар, көлбей сызылған айқаспа шаршалар түрінде болып келеді. Кейбір ыдыстардың мойны меруерт – деп аталатын шығыңқы шеңбермен сəнделеді, бұлар көзінің ішінен ұшы жұмырланған таяқшамен басу арқылы жасалған. Орталық Қазақстанның таулы аймағының тұрғындары бұл кезде де үйді жертөле жəне жартылай жертөле түрінде салатын болған. Жер ошақтар дөңгелек шұңқыр түрінде жасалып, олардың астына жалпақ тастар төселді. Дəндібай-Беғазы заманының төл-тума мəдениеті бар тұрғындары Қазақстан даласында ертедегі темір дəуірінде қалыптасқан жаңа этникалық- мəдени құрамдардың бір компоненті болды. Темір ғасыры. Қазақстан тарихындағы б.з.д. 1 мың. соңы мен біздің заманымыздың басы түбегейлі бет бұрыс болып табылады. Б.з.д. ҮІІІ-ҮІІ ғғ. темірдің пайда болуы мен өндірістің көшпелі түріне көшу Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалардың шаруашылығында күрделі өзгерістерге əкелді. Жетісуда сақ-сүйсін, Арал өңірінде – қаңлы, Қазақстанның солтүстік – шығыс жағында ғұн, Батыс Қазақстанда алан этномəдени қауымдастықтар қалыптасты. Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар б.з.д. 1 мыңжылдықта тайпалар одағы ретінде қалыптаса бастады. Сөйтіп, Қазақстанда сақ-даха (массагет), сақ-рауки (тиграхауда) исседон аримаспа бірлестіктері пайда болды.