Макроэкономикалық тепе – теңдік теориялары

Макроэкономикалық тепе – теңдіктің теориялары.
Экономикалық өсудің тұрақты динамикасы оның өсу қарқынының төмендеуіне байланысты теңселуі мүмкін. Сондықтан оның осы құбылысты тудыратын себебін талдау қажет.
Бір жағынан – нарықтық экономиканың қалыпты қызмет жасауы экономикалық өсуді тұрақты динамикалық қамтамасыз етуі керек, яғни оның «экономикалық динамикасы» тұрақты байқалуы қажет. Екінші жағынан – нарықтық экономиканың қызмет жасауында тұрақсыз байқалуы мүмкін; экономикалық өсудің тербелуі және қарқынының төмендеуі. Бұл өз кезегінде «экономикалық тепе – теңдікті» қамтамасыз ететін фактроларды анықтау қажеттілігін тудырады.
Экономистер көптеген жылдар бойы бұрындары және қазіргі кезекте де тепе – теңдік динамикасы моделін іздестірумен айналысқан және айналысуда. Себебі ол бірін – бірі жоққа шығаратын екі тенденцияны қосады: экономикалық тепе – теңдік және экономикалық динамика. Тепе – теңдік динамикасы моделі классикалық және кейнстік болып бөлінеді. Классикалық моделдің өкіліне француз экономисі Жан Батис Сэйді (1772 – 1823) жатқызамыз. Оның айтуынша барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады (олар сондай – ақ тұтынушы болып та табылады). Сөйтіп өзі өндірменген басқа тауарларды сатып алу үшін, өзінің тауарын сатады. Демек, табыс = шығынға тең. Сондықтан сұраным мөлшері ылғи ұсынымға тең.
Нақты өмірде Жан Батист Сэй моделінде көрсетілгендей, «сұраным ұсынымы болып табылады», яғни байланстанбайды. Себебі сұраным жинақтау мөлшеріне кемиді, ал ұсыным несие мөлшеріне артады. Осыдан бастап өте маңызды тұжырым жасауға болады: жиынтық сұраным мен несиеленген инвестиция теңдігін талап етеді.
- 7 -
Жинақтау тұтынушының жиынтық табысының бір бөлігі ретінде экономикалық шеңбер айналымынан шығып қалады. Сондықтан олар сұранымға айналмайды және оларға кеткен шығындар өндірушіге қайтарылмайды.
Демек, жинақтау макроэкономикалық тепе – теңдікті бұзады. Экономикалық өсудің идеалды моделі мынаны ескереді. барлық жинақтау инвестицияға (күрделі қаржыға) айналады.
Кейнстік модель табыс қозғалысының басқаша құрылымын қарастырады: «табыстар сұраным», бірақ «табыстар жинақтау» есем.
Жинақтау инвестициясының негізін құрайтынын және жинақтау мен инвестиция ылғи да бір бірімен тең екендігі Дж. Кейнс дәлелдеген. Себебі фактілік жинақтау мен инвестициялар табыс пен тұтыныс арасындағы айырмашылыққа тең.
Егер табысты ақшалай түрде емес натуральды заттай түрде қарастырсақ, онда табыс тұтыну және өндірістік (капиталды) тауарлаға бөлінеді.
Өндірістік және капиталдық тауарлардың жалпы шығарылуы нақты сұраным немесе инвестициялық сұраным боп аталады.
Инвестициялық сұраным экономикалық жүйедегі бірден бір ең маңызды динамикалық элемент болып есептелінеді. Бұл модельдің бірден бір міндетті экономиканы тұрақты өсу жылына салу. Дж. Кейнс мынаны көрсетті: тепе – теңдік жағдайына жету (жиынтық сұраным = жиынтық ұсыным) инфляция, жұмыссыздықпен және өндірістің төмендеуі мен сайма сай келеді.
Жиынтық сұраным – тауар мен қызмет көрсетудің әртүрлі көлемін байқататын модель. Сондықтан тұтынушы, кәсіпорын және үкімет кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын.
Жиынтық ұсыным – кез келген баға деңгеціндегі нақты өндіріс көлемі деңгейін байқататын модель.

- 8 -
Қорытынды
Қорытындылай келе қарастырылып отырған «Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері» деп аталатын реферат Негізгі бөлімі мынадай үш бөлімнен тұрады.
1.3 Микроэкономика теориясыныңимакроэкономикадығы рөлі.
1.4 Макроэкономикалық үлгілер.
1.3 Макроэкономикалық тепе – теңдіктің теориялары.
Макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика макроэкономикалық теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсілмен зерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.
Экзогенді айнымалылар – алғашқы ақпараттар, «сырттан» ендіріледі, ал ендогенді айнымалылар – кейінгі ақпараттар, олар үлгінің өзінде қалыптасады. Басқа сөзбен айтқанда, эгзогенді айнымалылардың мәні үлгі құрылмай тұрып беріледі, ал эндогенді айнымалылар үлгінің ішіндегі есептеулердің нәтижесінде қалыптасады.
Экономикалық принциптер арқылы түсіндірілетін айнымалылар эндогенді, ал түсіндірілмей, берілген түрде қабылданатын айнымалылар экзогенді деп аталады. Негізгі мақсатымыз эндогенді айнымалылардың өзгерісін экзогенді айнымалылар арқылы түсіндіру болып табылады.
Қарастырылып отырған реферат Кіріспе, Негізгі, Қорытынды бөлімдерден және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
- 9 -
Пайдаланған әдебиеттер
1. Н.Қ. Мамыров., М.Ә. Тілеужанова. Макроэкономика Алматы, 2003.
2. Ж.Ә. Күлекеев., К.С. Есенғалиева., Н.Б. Тастандиева. Микро – макроэкономика терминдерінің орысша қазақша сөздігі. Алмат, 1995.
3. Н.Қ. Мамыров., Ж.Ә. Күлекеев., Г.К. Султанбекова. Микроэкономика. «Экономика».
4. Н.Қ. Мамыров., К.С. Есенғалиева., М.Ә. Тілеужанова. Микроэкономика. «Экономика», 2000.
5. С.Р. Тоқсанбай., - Толық экономикалық орысша қазақша сөздік. «сөздік – словар», 1990.
6. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов., «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе 2004
- 10 -