Kcell Connect модемі іске қосылмаса...
Kcell Connect модемін компьютер не ноутбукке жалғағанда, автоматты түрде бағдарлама орнату терезесі ашылады. Бағдарлама орнатылған соң модем іске қосылмаса, яғни интернет қолжетімсіз болса, мына жағдайларға байланысты мәселені шешіп көріңіз.
Kcell Connect автоматты түрде ашылмаса, Мой Компьютер мәзірінен – Kcell Connect – Setup Kcell Connect операциялық жүйесін таңдаңыз.
Драйвер автоматты түрде орнатылмаған жағдайда, Пуск – Мой компьютер – Kcell Connect – Install батырмасын таңдаңыз.
Бағдарлама ашылады, бірақ «Қосу» тетігі басылмаса, модемді басқа тетікке қосып көріңіз.
SIM карта қолданылмайды деген жазу шықса, орнықты тұрғанын тексеру керек екені түсінікті.
31 қатесі. Порт жабық. Модемді қайта орнатуыңыз тиіс.
Интернет қосылады, бірнеше минуттан кейін өшіп қалатын болса, не өте ақырын істейтін болса, компьютердегі антивирус ескіргендігінің белгісі. Антивирусты жаңартып, қайта орнатудан басқа шара жоқ.
Невозможно подключить, порт закрыт жазуы шықса, Kсеll Connect драйверін өшіріп, басынан бастап қайтадан орнату керек.
Интернетке қосылған кезде *99# нөмірі теріліп жатыр деп шықса, мына операцияны орындап, оператор арқылы теру тетігін өшіріп қоюға болады. "Пуск – Панель управления – Сетевые подключения – Дополнительно – "Набор номера" оператор арқылы қанатша белгісін алып тастау.
633 қатесі. "Moдeм или другое устройство связи уже используется или нe настроено". Модемге арналған драйвер дұрыс орнатылмағанның белгісі. Модемді басқа USB-портына жалғаңыз. Онда да қосылмаса, компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз.
638 қатесі. "Запрос просрочен". Ондай жағдайда Kcell connect бағдарламасын қайтадан жүктеңіз.
678 қатесі. "Удаленный компьютер не отвечает". GPRS желісі жұмысында келеңсіздіктер орын алған болуы ықтимал. Модем жұмысын тексеру үшін бағдарлама реттілігін шолып шығыңыз. Kcell connect бағдарламасында жоғарғы мәзірінде мына батырманы таңдаңыз: "Инструменты – Опции – Сеть". Алдымен «WCDMA басымдығы» мәзірін таңдап, «Применить», «ОК» пернесін басыңыз.
756 қатесі. "Это подключение уже выполнено". Осындай қателік шықса, демек, сіз қосылып тұрған желіні қайтадан қоспақсыз. Компьютерді өшіріп, қайта қосудан не қайта жүктеу процесіне жүгінуден өзге амал жоқ.