Ғылыми стиль мәтіндеріндегі фразеологиялық қолданыстар

Ғылыми стильде жалпыхалықтық тілдегі фразеологизмдер кездеседі: аттап айтқанда, баға берді, байлаулы сөз, көкейкесті кіндік тамыр, ойға қонымды, қозғау салды, назар аударды, й салды, ортаға салды, т.б.
Жазба тілдің негізінде қалыптасқан фразеологизмдердің бір түрі терминдер. Ғылыми стильде күрделі терминдер сөз тіркесі күйінде жұмсалып, зат пен құбылыстың атауын білдіреді ( өзіндік күн, тап жауы,қосымша құн) зат пен құбылыстың атауы тұрақты категория болып саналады.,стилистикалық акценттік категорияны көрсетуге жұмсалады.
Фразеологиялық тіркестер ғылыми публицистикалық стильде жазылған ғылыми еңбектерде де кездесіп отырады. Мысалы: Анлауыттағы г,ғ ұяңдарының ана тіліміздің байырғы сөздерінде кездеспейтіндігін айту үстінде бұл арада тағы бір кілтипат барын әңгіменің бас жағында ескерткен едік. Сондықтан Ғабең айтқандай алқындырып алмай тұрып көнергеннен әуестенуден аулақ болсақ демекпіз. Алайда мүйіз сұраймыз деп жүріп құлақтан айырылып қала жаздаған бір жайды ғана енді ғана аңғара бастадық.
Фразеологиялық тіркестер ғылыми танымдық шығармалада жиі кездеседі.