Фразеологизмдердің стильдік саралану түрлері

Фразеологиялық стилистика тілдің жалпы стилистика бөлімінде қарастырылады. Тіл білімінде фразеологиялық стилистика осығасырдан 60-70 жылдардан бастап ғылыми түрде сөз етіле бастады. Фразеологиялық сөйлеу мәдениетінің қалыптасқан , әдеби айқындалған көріністің жинақтаған сұрапталған әрі бекітілген оқу құралы. Демек сөздік қызметі тілдік қордағы тұрақты тіркестерді жинақтау ғана емес олардың тілдік қолданыстағы түрлерін көрсету, сонымен қатар, сөйлеу процесінде дұрыс қолдануға да үйрету . Фразеологиялық қолданыс ыңғайындағы стильдік дәрежесін айқындауға жәрдем беретін теориялық тұжырым жасайтын да сөздік.
Фразеологиялық сөздіктің жасалу жүйесінде басқа сөздіктерден бөлек өзіндік ерекшелігі осы тұстан байқалады:
Кеңесбаевтың айтуынша мысқыл кекесін болсын, налу жабырқау болсын бәрі де фразеологизмдерді шебер қолданудан келіп шығатын құбылыстар.Стиль өлгенді тірілтіп өшкенді жандыратын дүние десе де болады дейді.
Фразеологизмдердің функционалдық стильдік мағынасы олардың бірінші, фразеологиялық мағынасынан, екіншіден тіркестердің эмоциялығынан, үшіншіден фразеологизмдердің эксперссивтілігінен, төртіншіден обрыздылық пен бағалауыштық қасиеттернінен тұрады.
Фразеологизмдердің стильдік қабаттарын айқындауда бұлардан басқа да олардың тілдік единица ретінде көптеген ерекшеліктерін ескеру керек.
-Фразеологиялық тұлғалардың қолдану аясы
-Олардың синтаксистік құрылым белгілері
-Компоненттер арасындағы өзара әрекетестік
-Тірек сөздердің стилдік немесе стильдік тақырыптық жағы
-Тұлғалардың жалпы ішкі формасы
-Фразеологиялық тұлғалардың әдеби сатыдаңы орны
-Тіркестердің шығу көзі , компоненттердің фонетикалық ерекшеліктері
-Компоненттер формасындағы морфологиялық тәсілдер
-Компонеттердегі сөзжасамдық морфемаларға дейін назардан тыс қалмауы керек
Мағыналас фразеологизмдер, олардың синонимдік қатарларының «мәтін ішіндегі мәтін» ретінде өзіне қолданыс аясы болады.Оны айтпас бұрын қазақ тіліндегі фразеологизмдердің сөздермен қолдану аспектісі болатынын ескеру керек.
Біріншіден,қазақ тіліндегі фразеологизмдердің сөздермен тең жағдайда қолдану өрісі сиақты аспектілері әр түрлі оны үшке бөліп қарастырамыз.
1) Тілдегі ең негізгі өнімді жұмасалатын фразеологизмдер
2) Көнерген фразеологизмдер
3) Пассиф фразеологизмдер
Бұлар кейде көнерген фр. толығып отырады. Соңғы екі фразеологизм дер көнеруге дайын тұрған, белгілі бір стилистикалық интерпретация арқылы өз мүмкіндіктерін көрсете алады.
Екіншіден сөйлеуші өзіне әсер еткен іс әрекетіне жағдайына байланысты болып отырады.Соған орай жақтырмау, жақтау,қощтау, кемсіту мазақтауғ сүйсәну сиақты түрлі сезімнің ықпалында эксперссияның реңкін бояуын анық аңғартып байытады.
Мыслы өте сақ адамды «екі шоқып бір қарап» тірксі бар кейде оны қорқақ адамдарға да айтады.
Қазақ тіліндегі жанырдық стилдік саралану аспектісі бар.Фразеологиялық қорда бұлай жүйелеу лексикологиядағы сөздердің қолдану аясына қарай о бастан қалыптасқан принципке сай құралады.Мысалы жылау мен күлу бұлар әр түрлі психикалық әрекет. Егер «оны еңірегенде етегі толды» «ішек сілесе қата күлді» десек хабар алушы адам оны жай ғана қабылдамай образды , бейнелі түрде қабылдайды.
Олай болса фразеологизмдердегі стильдік қызмет оның мінездемесіне қатысты.Демек фразеологизмдерде эмоциялық мағына бірінші тұрса стильдик мағына екінші орныда тұрады. Стилистикалық мағына дегеннің өзі фразеологиялық тұлғалардың эмоцияналды экспессивті қасиетінен туындайды.