Бәсең ампликация

Фразеологиялық синонимдер тұтастай мәтін немесе сөйлем ішінде өзіндік мәнерлілігі мен көркем суреттілігі арқасында тыңдаушысына әсер етеді. Лексика фразеологиялық құралдардың мұндай көркемдегіш нақтылық қасиеттері белгілі бір мағыналық жүк арқалайды. Қалай да адам мен адамның өзара түсінісуінің қатынасы сөз арқылы жүзеге асатыны бәрімізге белгілі. Бұл жағдайда эмоцияның да атқаратын міндеті маңызды. Себебі адам тумасынан сезгіш, сезімтал.Бұл адамның психологиялық күйлері. Мінекей осындай жағдайда тіл тас жарады тас жармаса бас жарды, сөз сүйектен өтеді деген мақалдар берер айтылмаған.Ал фразеологизмнің осы тұрғыдан атқаратын міндеті өте көп.Осыған байланысты фразеологизмдер екі қатар құрайды екпінді және бәсең амплефикация , Бәсең амплефикацияның адамға тигізетін эмоцияналды әсері екпінді амплефикацияға қарағанда бәсеңдеу. Мәтінде келгенде екі амплефикацияны қалай айырамыз деген сұрақ туындайды. Ол сұраққа былай жауап береміз: Фразеологиялық амплефикацияның бәсең түрі көбінісе сөйлем соңында әр кез лексикалық мағыналас компонеттерге де өзіндік стильдік қызметін қоса ақтарады.Мұндай ой тұтастық, мағына бірлігі, лексика фразеологиялық синоинмдік қатар жасауға ықпал тигізеді.Ал екпінді амплефикацияда фразеологизмдер көбінесе сөйлем соңында келіп сөйлемге ерекше екпін түсіреді.
Мәтін ішінде , сөйлем ішінде кездесетін синоним тіркестер құрамындағы мағыналық сандық көрсеткіштері бірден назар аударттады.Мысалыға : «Сонда ымырт жабыла бергенде, апақ сапақта,кеш қараңғылығы қоюланған сайын көк қаршыға, өрттей қаршыға сикунт санап жалындай шалқып жайнай беруші еді.» Бұлар уақыт мезгіл өшемін білдіретін мағыналық тіркестер . Кеш бата берген кезеңдегі мезгілді қатар қатар мағыналас ұғымдағы фразеологизмдер арқылы берілгендіктен сөйлем бір ғана ой екпініне бағындырылған.
Кейде автолар мағына жағында пәлендей жақындығы жоқ бірақ қолданған екі түрлі фразеологизмдерді сөйлем ішіндегі бір ойдың қазығына әкеліп бір біріне семантикалық толықтыру әрекетін жасайды: «Бір жеңнен қол бір жағадан бас шығарып, аузын жаласып бір бірін жарылқауда»