Екпінді амплекатция

Сөйлем ішіндегі тұрақты тіркестер қолданыс ыңғайында ойды жеткізуде , құбылысты сипаттауда жағдайятты баяндауда мәтінге ереше бейнелілік пен мәнерлілік әкеледі. Бұл тұста амплефикациялық амал мен фразеологизмдердің бір сөйлем ішінде бірнеше тіркес түрлерімен келуі ойдың ішкі қуатын арттуына экспрессияның ерекше әсерлі болуына ықпал етеді.
Сөйлем ішінде екпінді амплефикация түрінде келтірілетін фразеологизмдер алдында бір немесе бірнеше сөздер ойды жеткізуде синоним түрінде немесе ойды нақтылайтын жай тіркестермен ұшырасып, әрі қарай бір немесе бірнеше мағыналас фразеологизмдермен аяқталады.
Мағыналас фразеологизмдер сөйлем ішінде аталған екпінді түріне қазақ көркем мәтіндерінен әр алуан мысалдарды ұшыратуға болады.Мәселен сөйлемде екі қатарлы мағыналас фразеологизмдер жалғасады:
Сендердің ойынше жер бетінде менен асқан қара жүрек , тас бауыр әйел жоқ солай ма?
Бұл туралы қазаққа жаны ашитын, бүйрегі бұратын қалам иелері білгенін қақсап келеді.
Бірақ тірі адамға ауыздан шығармаыйқғ жабулы қазан жабумен қалсын деген ойға келіп тоқтады.
Үш қатарлы мағыналас фразеологизмдер:
Қазір оған әй дейтін әже қой дейтін қожа жоқ. Айдарынан жел есіп, тасы өрге домалап тұр.
Тілдік мысалдарды талдасақ мағыналас фразеологизмдер сөйлемде көбінесе екі үш қатарлы болып келеді.Көбінесе соңында ойды аяқтайтын фразеологизмдер экспрессиялық мәнерлілігі алдыңғысына қарағанда жоғарылау болуы мүмкін.Көркем сөз иелері кейде мағыналас фразеологизмдерді төрт қатарына дейін қолданып, оқиға суреттілігін асыра жазады.
Кейде сөйлем ішінде мағыналас фразеологизмдердің алдына бір екі фразеологизмдер қолданып, фразеоогизмнің мағынасын ашуға,нақтылауға етістікті есімше , көсемшелі сөздері қосыла жұмсалады.
Біз консерваторияға есейген, бунымыз қатып кеткен кезде музыкалық дайындықсыз түсіп едік.
Авторлар кейде мағыналас фразеологизмдерді қолданғанда образды ашу үшін ситуатцияны анықтау ұшін бүтіндей бір ойды жеткізуде сөйлем ішінде ол ойға алдын ала түсініктеме беріп немесе еркін тіркесті анықтауыштарды пайдаланып бір екі сөйлем аясына дейін созып баяндайды.
Сонда құрекең марқұм: ештеңе етпес шалдың баласы бұдан артық қандай болушы еді деп басынан құс ұшырмай отыратын. Кенже баласы болғандықтан ба, Арқатты бетінен қақпай тым ерке ғылып өсірді. Ж. Аймауытов тұрақты тіркестерімен берілетін ойды көбінесе алдын ала еркін тіркестермен баяндап мағыналас ұғымды суреттермен баяндайды.
Бір гүл селк етпейді, не бір жапырақ сыбдырламайды төңірек құлаққа ұрған танадай, ауыл маужырап ұйқыда.
Құлаққа ұрған танадай жым жырт тып тыныш деуге болады. Алайда сөйлемде образдылықты күшейту үшін бұл фразеологизмге автор қосымша мағыналас ұғыммен суреттеу енгізу арқылы аталған тіркесті жандандыра түседі.
Амплефикацияның екпіндеген түріне талдау жасау үшін мына жағдайлаға көз жеткізу керек:
Бірінші, синоним сөздер мен оқиғаның мазмұнын ашуға жұмсалатын мағыналас ұғымды білдіретін жай тіркестер тобы әдетте жазушы немесе айтушының сөз қолданысында сөйлем басында жиі ұшырасады.
Екіншіден, сөйлемнің соңында бір немесе екі қатарлы мағыналас фразеологизммен ойды тұйықтайды, яғни мағыналас фразеологизммен аяқтайды.Соңғы фразеологизм көбінесе экспрессия жағынан басым болады.
Фразеологиялық синонимдер тұтастай мәтін немесе сөйлем ішінде өзіндік мәнерлілігі мен көркем суреттілігі арқасында тыңдаушысына әсер етеді. Лексика фразеологиялық құралдардың мұндай көркемдегіш нақтылық қасиеттері белгілі бір мағыналық жүк арқалайды. Қалай да адам мен адамның өзара түсінісуінің қатынасы сөз арқылы жүзеге асатыны бәрімізге белгілі. Бұл жағдайда эмоцияның да атқаратын міндеті маңызды. Себебі адам тумасынан сезгіш, сезімтал.Бұл адамның психологиялық күйлері. Мінекей осындай жағдайда тіл тас жарады тас жармаса бас жарды, сөз сүйектен өтеді деген мақалдар берер айтылмаған.Ал фразеологизмнің осы тұрғыдан атқаратын міндеті өте көп.Осыған байланысты фразеологизмдер екі қатар құрайды екпінді және бәсең амплефикация , Бәсең амплефикацияның адамға тигізетін эмоцияналды әсері екпінді амплефикацияға қарағанда бәсеңдеу. Мәтінде келгенде екі амплефикацияны қалай айырамыз деген сұрақ туындайды. Ол сұраққа былай жауап береміз: Фразеологиялық амплефикацияның бәсең түрі көбінісе сөйлем соңында әр кез лексикалық мағыналас компонеттерге де өзіндік стильдік қызметін қоса ақтарады.Мұндай ой тұтастық, мағына бірлігі, лексика фразеологиялық синоинмдік қатар жасауға ықпал тигізеді.Ал екпінді амплефикацияда фразеологизмдер көбінесе сөйлем соңында келіп сөйлемге ерекше екпін түсіреді.
Мәтін ішінде , сөйлем ішінде кездесетін синоним тіркестер құрамындағы мағыналық сандық көрсеткіштері бірден назар аударттады.Мысалыға : «Сонда ымырт жабыла бергенде, апақ сапақта,кеш қараңғылығы қоюланған сайын көк қаршыға, өрттей қаршыға сикунт санап жалындай шалқып жайнай беруші еді.» Бұлар уақыт мезгіл өшемін білдіретін мағыналық тіркестер . Кеш бата берген кезеңдегі мезгілді қатар қатар мағыналас ұғымдағы фразеологизмдер арқылы берілгендіктен сөйлем бір ғана ой екпініне бағындырылған.
Кейде автолар мағына жағында пәлендей жақындығы жоқ бірақ қолданған екі түрлі фразеологизмдерді сөйлем ішіндегі бір ойдың қазығына әкеліп бір біріне семантикалық толықтыру әрекетін жасайды: «Бір жеңнен қол бір жағадан бас шығарып, аузын жаласып бір бірін жарылқауда»