Жоғарғы эмоцияны білдіретін фразеологизмдер
Мағыналас қатарлардың доминантын тірек мағына ретінде жеке сөздермен бейнелесек онда, эмоцияның кұрделі түрлеріндегі көңілдену, шошу, қорқу, ренжу, қайғыру, қамығу, қуану, басы қату, жылау, күлу, ашулану сияқты түрлері жатады. Психологтардың айтуы бойынша жағымды, жағымсыз эмоциялардың спецификалық ерекшеліктері олардың қарама-қарсылығында, сезім қайшылықтарының кейбір бірліктерінде болып табылады. Мысалы, қуаныш-қайғы, сүйіспеншілік-өшпенділік, сенім-сенімсізідк т.б. Мұнда бір назар аударатын нәрсе күлу мен жылау лексемаларына қатысты жасалған мағыналастар құрамынла еліктеуіш мәнде жасалған тіркестердің кездесетіндігі. Мысалы, зерттеуші, ғалым Хұсайыновтың айтуынша, күлкінің 3-нен басқа, 18 түрі тек еліктеуіш сөздерден жасалған дейді. Ал жылауға қатысты 22 түрінің семантикалық даму ерекшеліктерін талдаған. Фразеологизмдер – эмоционалды-экспрессивтік тіркестермен адамның бүкіл психологиялық сәттерін, көңіл күйін, сезім жағдайын ерекше образдылықпен жеткізуде таптырмайтын тілдік көркемдік құрал. Фразеологиялық сөздіктің кез келген беттерінде кездесетін адамға қатысты әр түрлі эмоциялық бояулы тіркестер ең алдымен қуаныш, реніш, жақсы көру сезімдері, ірілі-ұсақты тартыс тірлері, сапалық анықтаулар т.б. тұрақты тіркестер тобы – қазақ тілінің осындай есепсіз тіл қуатының молдығы. Мәселен ренжу, ашулану екеуі де екі түрлі сатыдағы психологиялық жағдай. Ренжу алғашқы сатысы десек, ашулану одан жоғары. Мұнда жоғары эмоциядан тұратын «ашулану» ұғымына байланысты синоним фразеологимзмдердің қатары тым мол келеді:түсін бұзу, көзі шатынау, көзінен от шашу, көзін аларту, танауы қусырылу, етін сыртына тебу, түгі сыртына шығу, көзіне қан толу, күре тамыры адырайту, қанын ішіне тарту, қабағынан қар жауу, оқ жыландай ысқыру, оқты көімен қараау, жауар бұлттай түнеру, кірпігінен қырау таму, қабағына қырау қату, ашу шақыру, жанын шығару, заһар шашу, зығырданы қайнау, ит жыны келу, аузына келгенін айту, құйқа тамыры құрысу, қояншығы ұстау, жыны қозу, қаны бұзылу, өті жарылу, терісі тарылу, тұлан тұту, қаһарға міну, терісіне сыймау, ызасы келу, шалқасынан түсу, шап ете түсу, тиісерге қара таппау, ашуы алқымына тығылу, ашуға булығу, сақалын жұлу, шашын жұлу, т.б. Ашулануға байланысты туған синоним фразеологизмдердің біразы суреттеу, сипаттауға арналса, қалған топтары қимыл-әрекетке негізделеді. Ашулану фразеологиясынан кейінгі ұрсу, ұру деген ұғым түсініктерге арқау болған фразеологиялық тіркестердің бояуы одан бетер қалыңдап, кілең экспрессияға, онда да сатыланып дамитын ұлғаймалы экспрессияға негізделеді. Тегінде эмоциясы жоғары фраз-дердің мағыналас қатарлар құрамының тым көп болу себебінің өзі сол күрделі эмоцияның түп-төркінінде жатыр. Мұндағы жан ұшыру құмарлық, стресс сяқты психологиялық жай-күйлердің қандай қыры мен сыры болсын фраз-дерсіз жеріне жеткізе айтылуы күмәнді. «Әр адамда түйсік бар, оның есінде әр түрлі елестер үзіліссіз сақталады, әр адамды ұдайы белгілі бір сезім тебірентеді»(Богословский) соған қарағандда адам жанында нендей бір сезім көбірек сақталып, ұдайы тебірентумен жүрсе, соған орай, соған лайықты қолданылатын тұрақты тіркестер тобы молынан жасалады. Мысалы, күлуге қарағанда, жылау лексемасына қатысты жасалған фрез-қ синонимдер саны көбірек. Мұның себебі күлуден гөрі адамға жылау құбылысы қатты әсер етеді. Мысалға «қорқу» сезімін алайық: көзі шарасынан шығу, екі көзі алақандай болу, көзіне қос көріну, жаны көзіне көріну, жүрегі тас төбесіне шығу, жүрегі солқ ету, жаны түршігу, жаны қара бақайына кету, жаны тырнағының ұшына келу, тұла бойы тршігу, арқасы мұздау, есі кету, зәре-құты қалмау, зәресі ұшу. Күрделі эмоциямен қоса, қарапайым түрлеріне де қатысты, мағыналас қатарлар баршылық. Олардың да лексика-семантикалық, тақырыптық аумағы мына бөліктерден көрінеді: шошу, қобалжу, қорықпау, беті қызару, түсінбеу, ғашықтық, өкпе, реніш, мақатау, мадақтау, ант су ішу, сасқалақтау, абайлау, шыдамау, рахаттану сезімі, өкіну.