Еңбек, өмір, тағдыр, дүние туралы айтылған мағыналас фраз-де
Баршамыз білетіндей қазақ тілінде фразеологизмдер өте көп. Оларды 13 түрлі топтарға топтастырсақ болады. 1) адамдардың жағымды жағымсыз қимыл әрекеттері; 2) сезім әрекеттеріне байланысты фраз-дер; 3) Сезім жағдайына қатысты жоғарғы эмоциялы фразеологизмдер; 4) Адамның физикалық қалыппен билейтін мағыналас фраз-дер; 4) АДАМНЫ сөйлеу дағдысы туралы; 5) адамның жеке басына қатысты қасиеттер туралы айтылатын фраз-дер; 6)адамның физикалық қалыппен бейнелейтін мағыналас фразеологизмдер; 7) адамның қоғамдық әлеуметтік жағдайы, орны, тұрмысына қатысты фраз-дер; 8) адамның сыртқы түр әлпеті, жас мөлшері туралы фра-дер; 9) уақыт, кеңістік, өлшемге негізделген фраз-дер; 10) тамақ, киім, денсаулыққа қатысты фраз-дер; 11) тілек-бата, ырым, садақаға б\ты фраз- дер; 12) еңбек, өмір, тағдыр, дүние туралы айтылатын фраз-дер. 13) отбасы, үйлену, туыс, дос, жолдас туралы мағыналас фраз-дер. 14) табиғат құбылыстары, ауа-райына қатысты фраз-дер.
Еңбек, өмір, тағдыр, дүние туралы айтылған мағынала фразеологизмдерді ф.ғ.д.п. смағұлова Гулдархан апайымыз қалай таптастырғанына көз жүгіртіп өтсек. Олар:
1) еңбегі еш болу: босқа бейнет ету; еңбегі далаға кету; желге кету; зая кету; күйіп кету; құмға сіңген судай; құр босқа кету; құр далаға кету:
2) өмір, дүние: Бар ғалам, бес күндік дүние, дүние қолдың кірі, дүниенің төрт бұрышы, жер жаһан, он сегім мың ғалам, опасыз дүние, санаулы күн, сегіз қиыр шартарап, сұм жалған.
3) Жеңіл, жақсы өмір сүру: жамбасының астынан жеп жату, жеңілдің астымен, ауырдың үстімен; жіліктің майлы басын ұстау, қолын жылы суға малу, майдай сіңіп, судай сіңу; сайран салу; ішкені алдыда, ішпегені артта;
4) Тағдыр: маңдайына жазғанын көру, пешенесінен көру, тағдырдың жазғаны, тағдырдың уын ішу
5) Ақша: ақша сөйлеген заман, ақша – су, ақша –тілмаш, ақша шашу, қашаға шайтан да қызмет етер, ақшаң болса қалтаңда, қызмет етер сайтан да, тиын-тебен тілсіз-ақ жол табар, алтын көрсе періште де жолдан таяр;
Бұл фраз-дерді оқып отырған кезімізде, жаңа, осы дәуір фраз-дері екендігін байқаймыз. Әсіресе «ақша» жайлы айтылғандары. Оның ішінде біреуі ғана ертеден Ислам дініне б\ты қолданылады «алтын көрсе періште де жолдан таяды» дегені. Ал қалғаны 20 ғасырдың бас кезінде келген, секілді. Себебі қазақ көшпелі халық болатын, ол кездері жүрегімізге ақша, дүние деген кірмеген болатын. Тек күнделікті күйбен тіршілік пен құлшылық қана болатын.