. Табиғат құбылыстары, ауа райына қатысты жасалған мағыналас

Баршамыз білетіндей қазақ тілінде фразеологизмдер өте көп. Оларды 13 түрлі топтарға топтастырсақ болады. 1) адамдардың жағымды жағымсыз қимыл әрекеттері; 2) сезім әрекеттеріне байланысты фраз-дер; 3) Сезім жағдайына қатысты жоғарғы эмоциялы фразеологизмдер; 4) Адамның физикалық қалыппен билейтін мағыналас фраз-дер; 4) АДАМНЫ сөйлеу дағдысы туралы; 5) адамның жеке басына қатысты қасиеттер туралы айтылатын фраз-дер; 6)адамның физикалық қалыппен бейнелейтін мағыналас фразеологизмдер; 7) адамның қоғамдық әлеуметтік жағдайы, орны, тұрмысына қатысты фраз-дер; 8) адамның сыртқы түр әлпеті, жас мөлшері туралы фра-дер; 9) уақыт, кеңістік, өлшемге негізделген фраз-дер; 10) тамақ, киім, денсаулыққа қатысты фраз-дер; 11) тілек-бата, ырым, садақаға б\ты фраз- дер; 12) еңбек, өмір, тағдыр, дүние туралы айтылатын фраз-дер. 13) отбасы, үйлену, туыс, дос, жолдас туралы мағыналас фраз-дер. 14) табиғат құбылыстары, ауа-райына қатысты фраз-дер.
Осы топтардың ішінен нақты, табиғат құбылыстары, ауа-райына қатысты фразеологизмдерге тоқталсақ. Оларды өз ішінде 3 топқа жіктепті ф.ғ.д.п. Смағұлова Гулдархан апайымыз. Олар:
-Ыстық күн: аспан айналып жерге түскендей; аспан аптап, күн шыжу; құс қанаты күйгендей; қыры күн шілде; ми қайнатар ыстық.
-боран; ақ боран; ақ түткен боран; ақ түткен үскірік, алай-түлей боран; қара боран; тас боран; шұнқар боран;
-суық, аяз: ақ қар көк мұз; қызыл шұнақ сары аяз; қыстың көзі қырауда: сақылдаған сары аяз; түу деген түкірік жерге түспеу.