Киім, тамақ, денсаулыққа байланысты туған мағыналас фразеоло
Аталған тақырыпқа қатысты жасалған фразеологизмдердің мағыналас қатарларында тамақ, денсаулыққақарағанда киім, киім кию жағының фразеологиялық қоры тым жұтаң. Әрі кеткенде ескі, өңі түскен, қырық жамау, немесе, өңі түзу, іліп алар, бір киер, жаңа шыққан сияқты бірен-саран тіркестер ұшырасады. Тамақ тур тұр-тіркестер тобы біраз мағыналық топтарды құрайды. М: тамақ: ауыздан дәмі кетпеу, дәмі жоқ, татымы жоқ, су тату, сылдыр су, таңдайды жұлып бара жату, тілді суырып әкету; тамақ іше алмау: аш өзегіне түсу, тамағынан тас өтпеу, тамаққа зауқы жоқ, тамақтан қөалу, тәбеті шаппау.Қатты тою: аузы мұрнынан шыққанша жеу, аузы тамақтан босамау, аузы тыным таппау, кекірігі азу, қарны сыздау, сылқия тою, ықылық ату. Тоймау: араны ашылу, аузы жарымау, аш құрсақ, битін салып жеу, жалаң қағу. Аш: аузына нәр алмау, аш өзек, жел өрбу, өзегі талу, іші ұлу, т.б. жаңа киім кию: бір киер, ине жіптен жаңа шыққан, судай жаңа, өңі түзіу, шыттай киіну, іліп алар. Ескі киім: қырық жамау, өңі түскен.
Денсаулық ұғымы кең ұғым. Соған байл мынанда топтпстырулар: ауру: айналдырған ауру, басы ауырып балтасы сыздау, өкпесін сүйретіп жүру, сары жамбас болу. Аурудан жазылу: аяғына міну, әбден сауығу, аурудан беті бері қарау, құлан таза айығу, сақайып кету.
Денсаулық: аяғы – ақ, қызылы – қызыл, аяқ-қолы балғадай, беті шиқандай қызыл, екі бетінен қан тамған, екі иығына екі кісі мінгендей, нарттай қызыл,т.б.