Уақыт, кеңістік, өлшемге негізделген мағыналас фразеологизмд

Уақыт, кеңістік, өлшем ұғымдары қазақ мәдениетінде ежелден өзіндік ұлттық қабылдау ерекшеліктерімен түсіндіріліп келген. Секунд, минут, сағат сияқты дәлдікпен есепке алынбаған уақыт бедері әлем суретін танудағы қазақ ұлтының кеңістік пен өлшем туралы ұғымдарының да тек қазақ менталитетіне тән болмыс түрлерін танытады. Қазақтың нақтылы уақыт пен кеңістік туралы түсінігі көптеген мағыналас фразеологизмдерге арқау болған. Әдетте қазіргі еуропалық уақыт өлшеміне үйренген бүгінгі қазақтар тек сағатпен ғана сөйлейді. Ал бұрын таңғы сағат 5-6 шамасы таң ата, таң алагеуімде, таң белдеуленіп атып келе жатқанда, таң бозарғанда, таң сыз бергенде, таң құлан иектенгенде, таң қылаң бергенде. Ал қазір уақыт пен кеңістік өлшемдеріне негізделген фразеологизмдерге:кешкі уақыт, ымырт: ақ пен қызыл арасында, ел орынға отыра, кешкі зауыл шақ, көз байланған кез, ымырт қараңғысы, қара көлеңке, қараңғы түсу; қараңғы түн: ай қараңғы, жеті қараңғы түн, көзге түртсе көрінбейті, көрдей қараңғы; кенеттен:аяқ астынан, жоқ жерден, ойда жоқта, төбеден түскендей; күні бойы:ертеден қара кешке дейін, күн ұзақ, ұзынды күн.Кеңістікке байл жақын жер: бөрік тастам жер, бір қадам, иек артым жер, иек астында, қамшы салым жер, қол созым, таяқ тастам жер, қол соғым жер; алыс жер: адам аяғы баспаған, айшылық жер, жер түбі, жеті қабат жер асты, ит арқасы қиянда, қиыр шет, т.б.