Адамның сыртқы түр-әлпеті, жас мөлшері жөнінде қалыптасқан м

Әр елдің мәдениетінде адамның түр-әлпеті мен жас мөлшеріне берген бағасы, сипаты сол ұлттың өзіндік ұлттық түсінігі мен ой өлшеміне қатысты. Образ нақтылы субъектіден жасалса да әркімәдемілікті әртүрлі қабылдап бағалайды, жас мөлшеріне де қатысты сондай шамада пікір білдіреді. Адамның сыртқы түр-әлпетіне, әсіресе, сұлу, әдемі ұғымдарына байланысты жасалған фразеологизмдер тобы ұлт менталитетіне қатысты тақырыпта айтылғандықтан, бұл арада жас мөлшері туралы жасалған мағыналас фразеологизмдер сөз етілді. Қазақ ұғымында қыздың бойжетуін ұлдармен қоса, ертеде «он үш жаста отау иесі» деп бір түйсе, «қақпанмен ұрғанда құламаса» деп, әзіл-шыны аралас балиғатқа ерте толтыратын. Осыған байланысты бала, бозбала шаққа байл: ана сүті аузынан кетпеген, ақ жұмыртқа сары ауыз, жаас өспірім, көрген көз, жас уыз, қанаты қатпау, көк өрім, қаршадай бала, қызыл шақа. Ержеткен шаққа: ат жалын тартып міну, мұрты тебіндеу, ой тоқтату, ересек тарту, жақсы-жамаанды ажырату, т.б.; орта жас: жасы жер ортасына келу, сары қарын, шашына қырау түсу,т.б.; кәрілік: ажары кету, ақ сөңке, кәрі шөңге, көк сақал, тарлан тарту, сақалы бурыл тарту, жер таянған шақ,т.б.