Адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайы, орны, тұрмысы туралы а

Әлеуметтік жағдайлар, әлеуметтік бөліністер қашан да қоғамда адамның жеке басын әр нәрсеге тәуелді ететін де, тұлға ретінде қалыптастыратын да, қысқасы ұлт менталитетыне де әмірін жүргізетін – әлеуметтік жағдайы, орны болып табылады. Қазақ менталитетінің басқа ұлттармен ұқсас бір көрінісі ретінде мынаны атауға болады: байлық пен кедейлік арқылы ұлт менталдық өрісінің ерекшеленуі. Осыған қатысты жасалған фразеологизмдердің мағыналас топтарында қатар құрамында сан жағынан молы, әрі образдылық жағынан бейнелі, суретті сөз орамдары кедей, байлық ұғымдарының түсініктері фразеологиялық қолданыста жоғарғы сатыда тұр. Жоқтық: ағаш ерге жіп ұйысу, ит мініп, ирек қамшылау; қолы қысқа, тапқаны тамағына жұтқаны, жұмырығынан артылмау; кедейлік: асқа бағу, ата-бабасынан түк көрмеу, аузы аққа жарымау, биті балағына түсу, жұрдай болу, келте тон, қара табан, негізі жарымау, т.б. Байлық: ақшаны күреп алу, дәулет біту, кекірік алу, төрот түлігі сай, ұстап ішіп, шайқап төгу, дүниені шайқап өту, т.б. Молшылық: ағаштан бал, шөптен сүт ағылу, ат көпір, ақ түйенің қарны жарылу, ит басына іркіт төгілу,т.б. Сондай-ақ жолы болғанға(айдарынан жел есу, тасы өрге домалау, ырысы кере қарыс), месінбеу(адам құрлы көрмеу, адамға санамау, көзге ілмеу, қор тұту), жасы үлкен адамдар(ақ сақал, қара сақал, жолы үлкен, көне көз) т.б. сияқты түсініктер бар.