Адамның жеке басына тән қасиеттері туралы жасалған мағыналас
Жеке субъект ретінде адам өз басына тән қасиеттерімен өзгелерден ерекшеленеді. Демек әр адамның өзіндік қасиеттері дараланып тұрады. Біреудің адалдығы мен сабырлығын сипаттаған сөз орамдарын бұлжытпай екінші адамға теліп айтуға болмайды. Мүмкін ол адамда айтылған қасиеттер жоқ та шығар. Керісінше оның мейірімділік пен сыпайылық жақтары басым болуы мүмкін. Тіл-тілде айтушының, сөйлеушінің мұндай қасиеттерді бағалап, сипаттап жеткізуі, лексикалық қордағы жағымды, жағымсыз бағалауыштық мәнде жұмсалатын көбінесе, экспрессивтік сипат алатын сөздер мен тұрақты тіркестердің үлесіне тән. Адамның жағымды қасиеттерін бейнелейтін мағыналас тіркестердің тақырыптық ауқымы былай топтастырылды: шебер, ақ көңіл, шебер, сабырлы, мейірімді, мінсіз, жомарт, батыр, мерген, адал, ақылды, сыпайы-Адам. Әрі қарай адамның мәдениеті, интелектісі, мінезі, сияқты тірек сөздер бар. Одан кейін жақсы адамның жалпы қасиетін бейнелейтін: көңілі түзу, ықыласы дұрыс, ниеті ақ, сәлемі түзу.
Мінсіз: жерден пішіп алғандай, молдан ойып алғандай, қолмен қойғандай, қыздың жиған жүгіндей;
Сабырлы:етінен ет кессе де мыңқ етпеу, жер жылжысса да жылжымау, жер қозғалса да қозғалмау, үстінен түйе өтсе де былқ етпеу;
Ақкөңіл: аузын ашса көмейі көрінетін, кеудесінде инедей кірбеңі жоқ, қулық-сүмдықты білмейтін, терісі кең;
Батырлық: жүрегінің түгі бар, жүрек жұтқан, жылан жұтқан, қасқыр жүректі;
Шебер: ағаштан түйін түю, балды бармақ, қолы епті, ісмер адам, қолынан мөрі таму;
Жомарт: кең пейіл, қолы ашық;
Адал: Аққа Құдай жақ, біреудің ала жібін аттау, судан тұнық, сүттен ақ;
Мерген: атқан оғы айнымау, сұр мерген, мергеннің мергені, иненің көзінен өткізу;
Епті: жұғымы бар, жүзіктің көзінен өткендей, жібі ширақ, қолы жүйрік, қолы қолына жұқпау;
Сыпайы: қыз мінезді, қыздай сызылған, сөзі майда, тойған қозыдай, ізет сақтау;
Жалғыз адам тур: қарақан қу басы, қу тізесін құшақтау, құрт қара басы, соқа басы;
Ниеті жақсы адам: Көңілі түзу, сәлемі түзу, ықыласы түзу, ниеті мақұл;
Жуас: қой аузынан шөп алмайтын, қойдан жуас, қойдан қоңыр, жылқыдан торы.
Аш көз: Құдай құлқынын алу, құлқына ашылу, құлқыны жаман, құлқынының құлы;
Мақтаншақ адам: айдарынан жел есу, жел өкпе, кеппе кеуде, көбік өкпе, күбідей ісіну;
Пара беру тур: алақанына қыстыру, аузын алу, көмейін бітеу, малды шашу, мұртын майлау;
Сараң: қолы қатты, қолы тар, тас болу, Шық бермес Шығайбай, аузын құ шөппен сүрту;
Опасыздық: дастарқанын аттау, дәмін арамдау, дәм-тұзын аттау, су ішкен құдыққа түкіру;
Қызғаныш: жарылып өлу, көре алмау, өзегі өртену, іш тарлық жасау, іші жарыла жаздау;
Батылсыздық: батылы бармау, жүзі қайту, жүрегі дауаламау; т.б.